Главная » 2022 » Ноябрь » 20 » «Жастар» үйіндегі сайлау учаскесі (Полатбек ЖАНБАЕВ)
21:13
«Жастар» үйіндегі сайлау учаскесі (Полатбек ЖАНБАЕВ)

Степногорск қаласының «Жастар» үйінде №72 сайлау учаскесі орналасқан. Онда сайлаушылар өз таңдауларын жасап жатыр.

Сайлау учаскесінің төрайымы Тоты Ебдульманова науқанның қарқынды жүріп жатқанын айтады. Мұнда дауыс беретін 2076 сайлаушы бар. Түске дейін солардың тең жартысына жуығы дауыс беріп үлгерді. 31 кісі үйге келіп дауыстарын алып кетуді өтініпті. Осыған байланысты сайлау учаскесінің мамандары үйлерге баруда.

Учаске жастар үйінің асханасында орналасқан. Соған қарамастан барлық жағдай жаратылған деуге болады. Осы учаскедегі 6 кісі өз туған күндерін осында атап өткен. Оларға сыйлықтар да беріліпті. «Аманат» партиясынан Фарида есжанова, «Ақ жол» партиясынан Майя Алимжанова және партиялық емес бақылау тобынан Елена Болор бақылау жасауда.

Мұнда кәсіпкерлер тамақ өнімдерін сатып қызмет көрсетуде. Концерттік бағдарламалар да ұсынылған. Шетелдік бақылаушылар да келді. Швециядан келген Ангреас Ролф сайлаудың ойдағыдай өтіп жатқынан айтуда.

Просмотров: 178 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar