Главная » 2024 » Май » 11 » «Жайна, жарқыра, туған қалам - Степногорск!» (Полатбек ЖАНБАЕВ)
16:28
«Жайна, жарқыра, туған қалам - Степногорск!» (Полатбек ЖАНБАЕВ)

Биылғы жылы туған қаламыз Степногорск шаһары 60 жасқа толады. Осы айтулы күн­ге байланысты аймағымызда түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Спорттан, өнерден, білім жүйе­сінен, тағы басқадай жарыстар ұйымдастырылуда. Мұның бәрі Степногорск қаласының беделін арттыруға, мерейін өсі­руге қаратылып отыр.

Жыл сайын мектептер арасында ұйым­дастырылатын есеп беру концерті биыл қаламыздың мерейтойына бағышталуда. Әр мектеп ұжымында биыл концерт өз мектеп қабырғаларында өтіп жатыр.

Осындай өнер мерекесі қаламыздағы №9 Қаныш Сәтбева атындағы жалпы бі­лім беретін орта мектепте 16 сәуір күні болып өті. «Жайна, жарқыра, туған қа­лам - Степногорск!» деген тақырыпта өт­кен концерт көңілдерден шықты деп айта аламыз. Шығармашылық есеп беру ке­шінің бағдарламасы қазылар алқасының алдында бағаланды. Бар-жоғы қырық бес минутты қамтыған концерт мейілін­ше өткен тарихты қамтуға бағытталды. Ұстаздар мен оқушылар бұл игі істің ұйытқысы бола білді.

Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп шаһарымыздағы мемлекеттік тілде білім беретін екі таза қазақ мектебінің бірі. Бі­ріншісі №5 Сәкен Сейфуллин атындағы көп салалы мектеп-лицейі. Осы қазақ мектебінің ашылуына мұрындық болған марқұм Тоқтамыс Серәліұлы Сағиев ағамыз еді. Ол кезде Білім министрлігі Алматы қаласында еді. Ағамыз министр­дің алдына кіріп, «Қазақ қаласында бір қазақ мектебінің болмауы ақылға сый­майды» деп талап қойған. Сонымен, қа­зақ мектебі Степногордан ашылды. Одан соң осы №9 орта мектеп ашылып, көңілі­міз көктем бола бастаған.

№9 жалпы білім беретін мектеп басшысы Айтжанова Анар Сартайқызы. Оның тәрбие істері бойынша орынба­сары Мадиярова Зәуреш Шұғайқызы да талапшаң басшы. Осы шығармашылық концерттің «болғанынан болыдысы қызық» болып, әлдеқалай болады деген оймен жүргендерін айтады.

Сейсенбі күнгі басқосу осылай ән ша­шумен басталып жүре берді. Қалалық білім бөлімінен әділқазылар алқасы да келіп жеткен болатын. Білім бөлімінің тәрбие істері бойынша әдіскері Баязи­това Гүлмира Темірғалиқызы бастаған сарапшылар нағыз танымал өнерпаз­дарды таңдап алуға дайын тұрды. Мек­тептің мәжілістер залы клубқа айналған. Анау-мынау клубыңнан кем түспейді, ауқымы кең көрінді. Көп көрермен сияды.

«Жайна, жарқыра, туған қалам - Степ­ногорск!» деген тақырыптағы есеп беру концерті кіріспемен басталды. Бейне-а­нонстың көрсетілімі көңілдерден шыға бастады. Бәрі де ұлттық нақышта әрле­ніп, әуендері де ұлтымызға сай әуелей түсті. Кіріспенің жетекшісі А.Ж.Сәбитова шәкірттерін барынша дайындап келгені көзге ұрып тұрды. Сымдай тартыла киін­ген жігіттер мен қыздар ұлтымызға сай ерекшеліктерді көрсетіп жатты.

Биші қыздар сахнаның көркін аша түсіп, сан алуан қимылдарымен жанар­ларды жаулай түсуде. Қазақтың ұлттық киімдері керемет қой. Оған сөз жетпейді. Ал, жас бишілердің әрекеттерінің өзі бір бөлек дүние. Оның ізін ала бере билер мен шешендер аталы сөздер айтып жат­ты.

Мектеп көркемөнерпаздары бұл ша­раға жақсы дайындықтар көрсені байқал­ды.

«Қайырлы таң!» бағдарламасы басталып, онды белгілі азаматпен сұхбат құру ұйымдастырылған. Осы жолдардың авторы, Қазақстан Республикасы Журна­листер Одағының қаламыздағы жалғыз мүшесі, қоғам қайраткері атағының иеге­рі Полатбек Жанбаев студияға шақырыл­ды. Мұнда қала тарихы мен оның бола­шағы туралы сұрақтар қойылды. Қа­ламыздың тарихы тереңде жатыр. Паң Нұрмағамбет атамызды айтсақ жетіп жа­тыр. Ол кезде паң атаның жаз жайлауы оасы өңір болған ғой. Бертін Кеңес дәуі­рі кезінде жер асты байлығы зерттеліп, Ресейден геолог кеншілер келе бастаған. Алтын мен уранның мол қоры бар екені анықталған. Степногорск қаласының өз мәртебесі 1964 жылы берілген. Сонда да қаламыз жабық шаһар есебінде картаға түспей келген. Тек егемендік алғаннаң соң барып қаланың бар екені танылып жатыр. Оған да биыл алпыс жыл толады. Қаланың болашағы зор. Шағын қалалар санатына енген Степногорск дамудың сара жолына түсті. Үкіметтен қомақты қа­ражаттар бөлініп су, жол, тұрғын үй жүйе­лері жаңғыртылып жатыр. Биылғы жылы ол қайта жалғасады. Мерейтойлы жылда қаламыз жаңадан түлей түседі. Көпте­ген жоспарлар бар. Қала өміріне бай­ланысты кітіп дайындалып жатыр. Алла жазса ол күзге дайін дайын болады. Қала аулалары жарықтандырылып, түрлі-түсті шырақтар орнатылады. Ескерткіштер бой көтереді. Басқа да нысандар пайда болады. «Тұрғындар қатысатын бюджет» деп аталған құрылыс жүйесі қаланың әр ықшамауданында бой көрсетуде. Оны тұрғындардың өздері таңдауда. Қала әкі­мі Алпысбай Қайыржанов осы істердің жанашыры болып жүр.

«Зәурен-ай» биі биленгенде көңілдер көтеріліп, арқамыз қозды. Кәнігі әрітстер сияқты өнердің би түрін меңгерген жас буынға жарқын болашақ тіледік. Степно­горск туралы әңгімелер қозғалғанда бар білгенімізді ортаға салдық. Жетекшілер: Ш.С.Алдабергенова, Ж.К.Сарбиева және Р.Б.Орманова тартынып қалмады.

Осыдан соң таңғы жаттығу кейпінтегі жастар өнері тамашаланды. Аэробика, көркем гимнастика өнері тамашалан­ды. Оларды орындаған 3, 5, 6 сынып оқушылары болатын. Жетекшілері: А.Б.Қайырова мен Ж.Б. Егемова.

Өнерпаз жастар «Адай» күйін тарт­ты. «Ұлы дала тарихы» бойынша сыр шертілді. Билер білгенін ортаға салды. Батырлар күші мен айбатын сахналық көрініс ретінде көрсетті. Үш бидің ақылы тыңдалды. «Балбырауын» күйі төгілді. Түрлі аспаптарда өнер көрсеткен жастар қазыларды тәнті етті. «Ер Тұран» күйі ке­ремет орындалды.

Әскери-патриоттық клуб жастары жойқын қимылдарымен қол соқтырды. Жол қозғалысының жас инспекторлары да барын ортаға салды. Бұл топтардың жетекшілері: Е.И.Әліпов, А.Ж.Алдадосо­ва және Р.Б.Орманова болатын.

Төртінші номер «Той думан» деп аталды. «Ата толғауы» күйін мектеп­тің оркестрі орындап шықты. Күрделі күйді бір сарынмен орындау үлкен ше­берлікті керек етеді. Бұл сыннан да жас өнерпаздар сүрінбей өтті деп ойлаймыз. Қобызшы, сырнайшы, дауылпазшы, домбырашылар қатардан қалап қоймай шеберліктерін паш етті. Оркестр жетек­шісі Ақгүл Алдадосованың ерекше еңбегі нәтижесін берді.

«Той думанның» бесінші көрсетілімін­де қазақ эстрадасының жарқын туын­дысы «Тоқтамай биле!» әні шырқалды. Жаңа ғасыр биіне жастар ілесіп, барын ортаға салды. Заман көшінен қалып кетпеген жас өнерпаздар сенімді ақтауға тырысты. Оны орындаған «Мерей» би ансамблінің бишілері болатын. Бұл топқа жетекшілік еткен Ш.С.Алдабергенова бо­латын.

«Кешкі Степногорск» бағдарламасына да құрметті қонақ шақырылды. Қаламыз­даға Достық және шығармашылық үйінің маманы Анара Қоржумбаева жүргізуші­лердің сұрақтарына сол кездің өзінде жау­аптар айтып жатты. Өзінің өмір жолы, кәсі­бі, мектеп өмірі мен білім ұясы тұрмысына деген көзқарасы. Қаланың мерейтойына байланысты сұрақтарға жауаптарын айт­ты. Бұл кісінің екі бірдей перзенті осы мек­тепте білім алады. Өнер мен білімге құштар жастар ел ертеңі болады деп сенеміз.

Осы тұста «Менің ғасырым» әні шырқалды. Әнді орын­даған «Сезім» квартеті болатын. Жетекшілері: А.Ж.Алдадосова, Ш.Ер­кінбек және А.А.Хамит болатын.

«Наурыз» биі та­маша биленді. Алина Мұқанова шырқаған ән көңілдерден шықты. «Наурыз-көктем» әні тіптен бәрінен асып түсткен сияқты бол­ды. «Ләйлім» әні мен туған жер туралы әндер жоғары баға алды.

Өнер туындысының жетінші тұсында мұға­лімдер мен өнерпаз оқу­шылар ортаға шықты. «Қазақстан балалары» деп аталған финальдық ән аспандап кетті. Бір түсті болып ақ киін­ген мектеп ұжымы көзге ақшаңқан аққу сықылды көрінді. Бұл хорды орындаған мұғалімдер мен 5-6 сынып оқушылары болатын. Жеткшілері: А.Ж.Алдадосо­ва, М.А.Ахметова, Г.Ж.Жүсіпова және Ж.С.Мырзабекова болатын.

Әділқазылар алқасының төрайымы Гүлмира Баязитова мен қазылар алқасының барлық мүшелері сөз сөйлеп, жастар өнеріне жоғары бағаларын берді. «Горняк» оратлық мәдениет сарайының дирекоры Бәтеш Шәкенқызы Әбілшено­ва алғыс сезімін білдіріп, бірлесе жұмыс жасап келе жатқан мектеп ұжымына алғысын айтып, мектеп басшысы Анар Айтжанвоа мен оның орынбасарына Алғыс хаттарын табыс етті. Сөз кезегін­де мектеп басшысы Анар Сартайқызы да осындай игі істерге қолдау көрсеткен қазыларға, мектеп ұжымына алғысын ай­тты. Жыл сайын өтетін дәстүрлі есеп еру концерті мұншалықты жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан әріптестеріне игі тілек­терін жеткізді. Мептептің көркемөнерпаз жастарына ерекше алғысын жаудырды.

Қойылымдардың сценариін Мадиярова Зәуреш Шұғайқызы жазса, музыка жағы­на Ақгүл Жандаулетқызы Алдадосова басшылық жасаған. Хореограф Алдабер­генова Шамсуар Серікқызы, театр жетек­шілері: Сарбиева Жанаргүл Қалибекқызы, Пірімбетова Манзура Куватқызы, бейнеба­янды әзірлеген Нығмен Манар, Сағадиева Динара Қайыргелдіқызы, Хамит Ақерке Амангелдіқызы ерекше еңбек етті. Робо­тотехника дайындаған Қайролла Жази­ра Асылбекқызы, бағдарламаны әрлеген Әшім Аружан Маратқызы, бейне шақыру­шы мектеп тарламентінің де қызметі зор болды. Сонымен бірге безендірушілер: Отарбаев Талғатбек Жанғужинұлы, Ере­жепова Бегаем Батырқызы, Қайыркенова Дана Әнуарбекқызы, Мырзабекова Жанат Сәрсенбекқызы, Дүйсенбай Гүлсанна Ай­дарқызы, Садықова Әсия Дюсенбайқызы, Төлегенова Сандуғаш Жанатқызы және Әшім Аружан Маратқызы сіңімді еңбек етті.

Қаламыздың мерейтойына арналған «Жайна, жарқыра, туған қалам - Степно­горск!» тақырыбындағы есеп беру кеші көңілдерден шықты.

 

Просмотров: 230 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar