Степногорск қаласының Аналар кеңесі Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасымен мұқият танысып, отбасы институтын нығайтуға, балалардың құқықтарын қорғауға және әлеуметтік бағыттағы мемлекетті дамытуға бағытталған ұсынылған нормалар мен бастамаларды қолдайтынын білдіреді.
Жоба адам капиталын, ана мен баланы қорғаудың маңыздылығын айқындайды, азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктерді күшейтеді және қоғамның тұрақты дамуына құқықтық негіз қалыптастырады. Біз үшін отбасыларды әлеуметтік қолдау, жас ұрпақты тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау және қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты ережелер ерекше маңызды.
Аналар әрқашан отбасы мен қоғамның тірегі болып табылады. Сондықтан тұрақтылық, қауіпсіздік және әділеттілік мәселелері біз үшін аса өзекті. Ұсынылып отырған конституциялық нормалар азаматтардың өмір сапасын арттырып, отбасы институтын одан әрі күшейтеді деп сенеміз.
Конституция жобасын қоғамдық талқылауға кеңінен қатысу және елдің дамуына, келешек ұрпақтың әл-ауқатына бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау маңызды деп санаймыз.
Степногорск қаласының Аналар кеңесі Конституция жобасын қабылдауды қолдайды және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысуға дайын екенін білдіреді.
Степногорск қаласы Аналар кеңесінің төрағасы С. Оспанова |