| 
				
			  Республикалық «Жұлдызай» ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар шығармашылығы фестивалі аясында Ақмола облысының атынан Ақмола облысы білім басқармасына Ақкөл ауданы Урюпинка ауылындағы «Мектеп – интернат бар арнайы кешен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы қатысуда.
 Қатысушылар «Арт-ложки» аспаптық ансамблі номинациясы бойынша өнер көрсетеді.  Байқау  нәтижелері мен кәсіби қазылар алқасының шешімі бойынша ұжым финалға өтіп, Гран-при жүлдесіне үміткер атанып отыр. Қазіргі уақытта https://fest.juldizai.kz/  сайтында ашық халықтық дауыс беру жүріп жатыр. Өңір тұрғындарын финалистерімізге қолдау көрсетіп, өз дауыстарын беруге шақырамыз! |