Талапкер ауылында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Есіл өзенінің жағасында кең ауқымды сенбілік өтті.
Шамамен 200-ге жуық қатысушы — ауыл тұрғындары, жастар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен блогерлер — жағалауды қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту үшін бірікті.
Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлының айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы — бір реттік шара емес, бұл — табиғаттың болашағына деген жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыратын қозғалыс.
Талапкер тағы да дәлелдеді: таза қоршаған орта — әрқайсымыздан басталады. |