Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке болған 16- желтоқсан Тәуелсіздігіміздің басты мақтанышты күні. Осы мерекемен барша Степногорск қаласының тұрғындарын және ел азаматтарын шын жүректен құттықтаймын! Бұл айтулы күн аталамымыз бен аналарымыздың армандаған күні болатын.
Алланың қалауымен осы күнге де жеттік. 1991 жылдың 16- желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып белгіленді. Көп ұлтты елімізде жақсылықтар болып жатыр. Ел бірлігі мен татулығымыз армандарға жеткізді. Ел Прензиденті Қ.К.Тоқаевтың алға қойған тапсырмаларын біргелікте жүзеге асырып жатырмыз.
Тәуелсіздік барша Қазақстан тұрғындары үшін айтулы мереке. Осы мерекеміз баршамызға құтты болсын! Желтоқсан күндері біздің жүрегімізді жылытады. Әрқашан ел бірлігі мен татулығымыз өркен жая берсін. Әр отбасыға бақыт, зор денсаулық, шаттық тілеймін!
Полатбек ЖАНБАЕВ, Степногосрк қаласы билер алқасының төрағасы
|