Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылғы 24-26 маусым аралығында практикалық дағдыларды пысықтау, басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің жұмысының үйлесімділігін тексеру мақсатында Степногорск қаласының азаматтық қорғау күштерімен, басқару органдарымен, күштерімен және құралдарымен кешенді оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығуға түрлі құрылымдардың (полиция, жедел жәрдем, құтқарушылар және т.б.) арнайы техникасы жұмылдырылатын болады.
Осыған орай, тұрғындарды сабырлық сақтауға, оқу жаттығуларына түсіністікпен қарауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз. |