Главная » 2024 » Февраль » 13 » Степногорск қаласы тарихынан
21:23
Степногорск қаласы тарихынан

Степногорск қаласы алпыс жасқа толады. Осы мерей­той биыл тойланады. 60 жыл деген аз да емес, көп те емес. «Алпыс – тал түс» деген рас.

Сарыарқа төсіндегі шаһарымыз жаңа дәуірде жанданып келеді. Қала әкімі Қуандық Алпысбаевтың бастамасымен көптеген жо­балар жүзеге асып жатыр. Шағын қалалар санатындаға шаһарымыз өркендеудің сара жолына түсті.

Біз өткен тарихқа тоқталамыз. Серов Арсений Иванович (1906-1969 ж) Степ­ногорск қалалық атқару комитетінің ең алғаш төрағасы. Степногорск қаласының ең алғашқы құрылысы осы адамның арқасына түсті. Ол жаны жайдарлы, ақ көңіл, ашық адам болатын. Степногорск қаласына келмес бұрын Серов Арсе­ний Иванович ағаш шеберханасында, орман шаруашылығында жұмыс жа­сады. Балқаш аудандық компартиясы хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған. 1957 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1964 жылдың ма­усымында Степногорск қала аткомының төрағасы болды. Бұл қызметте 1969 жылдың қаңтар айына дейін өз жұмысын жасады. Степногорск қаласының дамуы­на үлес қосқандығына 1-ші шағынаудан, 22 үйде1970 жылы ұмытылмас тақта орнатылған.

Федосеев Владимер Михайлович 1924 жылы Херсонада дүниеге келген. Барлық балалық шағы Украйнадағы Харьковте өтті. 1941 жылғы тамыз айында Вла­димер Михайловичтің әкесі қызмет жасаған зауытты эвакуацияға жіберді. Зауытпен қоса Федосеевтер жанұясыда көшірілді. Олар осылай Батыс Қазақстан облысына келді. Осы жерде Володя 10- шы сыныпты тамамдап, өз мектебінің кіші сынып оқушыларына сабақ берді. 1942 жылдың 18-ші тамызында Влади­мер әскерге шақырылды және де Ле­нинград училищесіне оқуға жіберілді (соғыс кезінде ол Оралда орналасқан еді). Оқудың аяқталуына және атақтың алуына бір айдай уақыт қалғанында кенеттен Курск доғасы басқа түсті. Жас радистерге жаңа рацияларды тапсырып соғыстың өзекті көзіне жіберді. Барлық полк бойынша тірі қалған бірнеше адам еді. Қайта жинақталған полкті Қырым қаласына жіберді. 4-ші Украйндық фронт құрамында В.М.Федосеев Карпаткадағы қақтығысқа қатысты. Көптеген жарақат, контузия алып Тернополде емделді. 1944 жылы ең жас комунист ретінде Мәскеу жоғары политехникалық училищесіне оқуға жіберілді. Осы училищенің кур­санты ретінде Владимер Михайлович 1945 жылы Жеңіс парадына қатысты. Өз міндеттерін Краснодар, Майкоп және Солтустік Қазақстанда атқарды. 1964 жылдың маусымында Федосеевті жанұясымен Степногорск қаласына ең алғашқы сайлау өткізуде көмекші ретінде жіберді. Бөлім меңгерушісі ретінде қызмет атқарды. 1969 жылы қала ат­ком төрағасы ретінде тағайындалды. Қалада 7 жыл басшылық жасады. Бұл қаланың қарқынды даму жылдары бол­ды. Жыл сайын қолданысқа зауыттар, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, дүкендер, тұрғын және спорт кешендері құрылып, пайдалануға тапсырылды. В.М.Федосеевтың еңбек және әскери ай­бын ерліктері үшін «Германия алдында жеңіске жету» 1-ші дәрежелі орденімен және «Құрмет» орденімен марапатталған. 1976 жылдан зейнеткерлік жасына дейін НПО «Прогресс» директоры қызметін атқарды.

Ромут Вилнис Робертович 1938 жылы дүниеге келген. Қалалық атком төраға қызметін 4 жыл атқарды. Вилнис Робер­тович 1976 жылдан 1980 жылға дейін Степногорск қаласында басшылық қызметін атқарды. Сонымен қатар Степ­ногорск қалалық горкомының бірінші хат­шысы болды.

Сейтембетов Сұлтан Қозданүлы (1927-2005 жж) Ақмола облысы, Балқаш ауданының Алматы ауылында туған. Өз қызметін мұғалімдік сатысынан, одан кейін өз ауыл мектебінің дирек­торынан бастады. 1948 жылы Балқаш ауданының комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып таңдалды. Сонымен қатар Балқаш аудандық білім бөлімінде жұмыс жасады. 1961 жылы Қазақстан Компартиясының Балқаш райкомының хатшысы. 1974 жылы Сілеті аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1980 жылы халық депутаттарының Степногорск қалалық кеңесі аткомының төрағасы болып тағайындалды. Степно­горск әкімшілігінде 1988 жылы еңбегіне лайық көп күткен арнайы демалысқа шыққанына дейін басшылық етті. Мінсіз таза жұмыс жасағаны үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Халықтар Достығы» орденімен, «Құрмет» орденімен және т.б. жоғары ордендермен марапатталған. ҚР дербес зейнеткері 2005 жылдың қыркүйегінде көз жұмды.

Рудковский Федор Иванович 1988 жылы 31 наурызда Степногорск қалалық аткомының төрағасы болып сайлан­ды. Оның басқару кезінде реформа да өз жолына түсті. Федор Иванович қала аткомның бірінші жетекшісі болып, бірнеше кандидатуралардың арасынан таңдалған еді. 1992 жылы (жергілікті өкілетті және өкіметті атқарушы ор­гандары туралы заңы) басқарудың құрлымдарының өзгеруіне байланы­сты, қала әкімшілігінің басшысы жаңа қызмет орыны пайда болды. Бұл орын­ды М.Қойшыбаев басты. Ф.И.Рудковский халық депутаттарының қалалық кеңесінің төрағасы міндетін 1993 жылға дейін атқарды, осы кезде одақты тарту туралы шешім қабылданды.

Қойшыбаев Марат Советұлы қала әкімшілігін 7 жыл басқарды. Бұл кезең Степногорск қаласына қиынға түсті: нарықтық экономиканың қалыптасуы көп кәсіпорындардың, мәдениет мекемелерінің, балабақшалардың жабылуына әкеліп соқты. Уақытылы еңбек ақының, зейнетақының төленбеуі, жұмыссыздық немесе міндетті еңбек демалысына шығу, энергия қуатының өшуі, үй жайлардағы батарейлердің суықтығы осының бәрін халық жас әкіммен бірге бастан өткізді. Осыған қарамай қала көшелері тазаланып, жол­дар жөнделіп жатты. Әрдайым кішіпейіл, демократиялық түсінігі мол Марат Советұлы Степногорск қаласының 30 жылдығын: шетелден қонақтар шақырып, қағылу суреттермен «Мұнда біздің жүрегіміз тіркелген» атты атау­ымен, жаңа кітаптар шығарылымымен, парашютшілердің қатысуымен тойлады. М.С. Қойшыбаев 1961 жылы Балқаш ау­даны, Шантөбе ауылында дүниеге кел­ген. Ол Ленинград қаласында Г.Плеханов атымен аталған тау-кен институтын тамандаған. ЦТКХК-ң тау-кен шебері, комсомол және партком комитетінің хат­шысы, бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1990 жылы Степно­горск қаласы партия комитетінің екінші хатшысы. 1992 жылға ақпанынан 1999 жыл аралығында Степногорск қала әкімшілігінің басшысы. Кейін ҚР Мәжіліс Парламентіне сенатқа депутат болып сайланды. «Нұр Отан» партиясының облыстық ұяшығын басқарып, соңынан кәсіптік және өнеркәсіптік облыстық басқармасының басшысы болды.

Денинг Николай Яковлевич, оның бес жыл Степногорск қаласын басқаруы, қала тұрғындарының есінде сақталып қалғандай, бұған себеп қала өнеркәсіп дамуы мен тазалығы бол­ды. Кәсіпорындарда жұмысшыларға төленбей сақталған жалақыларын төлеу, әр аптада сенбілік өткізу, ал кәзір бұл сенбілікті «Таза бейсенбілік» - деп атайды, жол шет жағалары ақталып, көшелер қоқыстан тазартылатын бол­ды, мәдениет ұйымдарына және білім саласына жаңа техниканы қолданысқа алуға, жалақыны уақытында төлеуге жергілікті бюджеттен ақша бөлініп отыр­ды, ал бұндай ақшаның бөлінбегеніне көптеген уақыт өткен болатын. Нико­лай Денинг 1951 жылғы 23 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы, Ле­нинск ауданы, Тонкошуровка ауы­лында туған. 1972 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтының ауылдық шаруашылықтағы бухгалтерлік есеп және есептеулер мамандығын бітірді. 1972-1973 жылдары өз әскери міндетін атқарды. 1974-1980 жылы Көкшетау облысы, Кусепский совхозын­да, «Комунизімге барар жол» колхозын­да бас экономист қызметін атқарды. 1985 жылдан 1990 жылға дейін Көкшетау облысы, Қызыл ту ауданы «Херсо­новка» совхоз директорының міндетін атқарды. 1990-1991 жылы Коллеровка ауданының Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы. 1991-1995 жылы Көкшетау облысының, Коллеровка ау­дан әкімшілігінің басшысы. 1997-1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық департаментінің бас­шысы, Щучье ауданының әкім орын­басары. 1999-2004 жылы Степногорск қала әкімі. 2004 жылы сәуір айынан – Рудный қаласының әкімі міндетін атқарды. 2011 жылы Қостанай облыс әкімінің орынбасары бролды.

Жаңабергенов Қайрат Мырзаханұлы – 1961 жылы 21-ші шілдеде Жамбыл облысы, Луговский ауданы, Луговой ауылында туған. 1983 жылы Жам­был гидромелиоративтік құрылыс ин­ститутын тамамдап, инженер-гидро­техник мамандығын иеленді. 2002 жылы халықаралық Қазақ институтын аяқтады. Алматы қаласы жеке кәсіптік кәсіпорынының директоры, комсомол органдарында жұмыс тәжірибиесі бар, Атырау облысынын әкім апаратының іс- басқарушысы, вице-премьер көмекшісі, ҚР-ң Жоғары сот апаратының жетекшісі және ҚР Премьер-министір көмекшісі міндеттерін атқарған. Астана қаласының әкім орынбасары лауазымында экономикаға, кішігірім кәсіпкерлікпен айналысу сұрақтарына жетекшілік етті. Степногорск әкімі лауазымында бір жылға жетік қызмет атқарды (10 шақты ай). Осы жылдар тұрғындарға 2-ші шағынауданда көркемсурет мектебінің филиалының ашылуын, Степногорск қаласының 40-жылдығына арнайы шығарылған фотоальбом, қазан айын­да жапалақ қардың астында қала туған күнін тойлады, шақырылған әншілермен, күйшілермен аталып қуанышқа бөленді. Степногорск қаласының 40-жылдығымен құттықтаған: ССРО Халық артисі Әлібек Дінішев, «Академия солистов» мемлекеттік квартет академиясының оркестірі, ҚР Еңбегі сіңген артисі Байғазинова Ғалия, «Ұлытау» тобы, «Белый орел» («Ақ бүркіт»), «ALL да­вай» және т.б. келді.

Смайлов Жанболат Амангелдіұлы Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жар­суат ауылында туған. 1993 жылы Целино­град инженерлік-құрылыс институтын та­мамдап, инженер-механик мамандығын алып, сырттай Гумилев атындағы Еу­разия ұлттық университетін (2005 ж) оқып заңгер мамандығын иеленді. Еңбек қызметін 1991 жылы «Автосервис» Це­линоград облыстық кәсіпорынының экс­пидиторынан бастады. Содан соң «Ка­завтомотосервис» облыс аралық база­сында инженер қызметін атқарды.

1995 жылдан «Акмолатрансагенство» АҚ - ның президенті болып тағайындалды. 1997 жылдан «Бұланды тас карьері» АҚ- нің президенті қызметін атқарды. 2004 ж мамырынан 2005 жыл аралықтарында Ақмола облысы, Шортанды аудан әкімі қызметін атқарды. 2005 ж ақпанынан, 2008 ж наурыз аралығында Степногорск қаласы әкімі болып өз міндеттерін жүзеге асырды. 2008 жылғы мамыр-қазан айы аралықтарында Астана қаласы ҚР Пре­зидент әкімшілігінің мемлекеттік инспек­торы. 2008 ж қазан айынан Солтүстік Қазақстан облыс әкімінің бірінші орынба­сары болды.

Никишов Андрей Николаевич 1969 жылдың 21-ші шілдеде Целиноград облысы, Целиноград ауданында туған. Андрей Николаевич Целино­град ауылшаруашылық институтын, Казпотребсоюздың Қарағанды экономи­ка университетін тамамдаған. Андрей Николаевич мал дәрігері, мемлекеттік басқару бакалавры және мал дәрігер ғылымының кандидаты атақтарымен, мамандықтарына ие. Өз қызметін «Прима» кооперативтік ғылыми-өндіріс бірлестігінде мал санитарынан (2002 ж) ҚР Ақмола облыстық, аумақтық ауылшаруашылық министірлігіне дейін сатылап жол жүрді. Содан соң 3 жыл­дай Егіндікөл ауданының әкімі қызметін атқарды, одан 2007 жылы Көкшетау қала әкімі болып тағайындалды. Степногорск қаласының әкімі болып 2008 жылдың на­урызынан бастап қызмет атқарды.

2010 ж 1-ші сәуіріне тұрғындар саны 66 607 адамды құрайды. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 39 704 адам (59,6%). Зейнеткерлер – 10 835 адам (16,3%). Степногорск қаласында 70-тен астам өзге ұлт өкілдері тұрақтайды олар: қазақтар, орыстар, украйндер, немістер т.б.

Қалада (ГМК «Қазақалтын», ЖШС «Тастемір»), тау қазбаларын тауып өндейтін орындар, темір өндеу (ЖШС «СТКХК», ЖШС «Моликен»), «Биокорм», ЖШС «Агровит») өнеркәсіптері бар, энер­гетика (ЖШС «Джет-7»). Бизнес жағынан 4000 жуық кіші кәсіпорындар және жеке кәсіпорындар тіркелген.

Қалада 9 мектеп, 2 кәсіби лицей, 5 колледж, 3 ЖОО-ң филиалдары, 5 мек­тепке дейінгі ұйым, коррекциялық мек­теп-интернаты, дарынды балаларға арналған «Болашақ» үйі, «Жастар» жас өспірімдер үйі, балалар үйі, спорт жағынан дарынды балаларға арналған Бөгенбай-батырдың атымен аталған спорт мектебі, мектептен тыс мекеме­лер: музыка мектебі, «Меруерт» бала­лар шығармашылық үйі, «Таң-шолпан» орталығы бар.

Қалада 9 алдын ала емдеу мекемелері: Орталық қалалық емхана, қалалық емха­на, 9 шағынауданда қалалық емхананың филиалы бар, аймақтық психиатриялық аурухана, облыстық туберкулездық дис­пансер және дәріханалар бар.

Спорт сарайы, балалар және жас өспірімдер «Батыр» клубы, жүзу басейіні, стадион. Степногорск қаласынан әр жастағы 4 спортшы Олимпиада ойын­дарына қатысты: 1988 ж О.Кривошеева Сеул (Оңтүстік Корея) волейбол құрамының спортшысы ССРО-ң Олим­пиада ойындарының алтын жүлдегері атанды. (О.Кривошееваның өмірбаянын «Почетные граждани Степногорска» бөлімінен көруге болады).

1994 ж Лиллехамер (Норвегия) Қазақстанның абройын Степно­горск шаңғышысы Оксана Котова қорғады. 2000 ж Сидней (Австралия) – Қазақстаннан олимпиада құрамына жүзуші Игорь Ситников қатысты.

2008 ж Пекин (Қытай) Степногорск қаласынан ауыр атлетикадан Ирина Не­красова күміс олимпиадалық медалін, 240 кг салмақты көтеріп жеңіп алды. И.С.Некрасованың өмірбаянын «Степно­горск қаласының құрметті азаматтары» бөлімінен көруге болады.

Қалада 2 қалалық кітапхана, клуб мекемелері МҮ «Горняк», МҮ «Мирас», «Достық» және өнер үйі, тарихи өлке тану мұражайы жұмыс істейді.

1976 ж Степногорск қаласында мәдениет сарайы салынған (бірінші жетекшісі А.И.Вольский). Кәзіргі таңда «Горняк» ОМС көптеген шығармашылық ұжымдар, соның ішінде «Халық» атағын алғандар: Халықтық балет студия­сы, халықтық драма театры, «Радуга» халықтық би ансамбілі, орыс әндерінің халықтық хоры, халықтық академиялық хор бар. «Бақытты балалық шақ» хареографиялық ұжымы «Үлгілі» атағын алған.

1993 ж «Жастық» кинотеатр базасын­да «Мирас» мәдениет үйі жұмыс жасай бастады, бұл қаладағы бірінші ұлттық- мәдениет орталығы. Кәзіргі таңда «Ми­рас» бірде-бір мерекені қатысуынсыз өткізбейтін мәдениет мекемесінің бірі. Бұл және де қазақ аспаптарының ансамбілі, халық фальклорлық «То­мирис» ансамбілі, вокалдық топтар бұлардың бәрі облыс бойынша өз өнерлерін көрсетуде.

1987 ж желтоқсанда әдемі және ашық салтанатты ырымдар өткізу сарайы ашылды (2005 жылы «Достық және шығармашылық» үйіне ауыстырылды). Осы «Достық және шығармашылық» үйінің (жетекшісі Г.П.Мариничева). Степногорск ақындар клубы «Степ­ная флейта» ашылды. Достық және шығармашылық үйі қаланың этно мәдени орталықтарының жұмыстарын ұйымдастырып жол көрсетеді: «Юлдаш» татар-башқұрлық, «Полония» поляк, «Сателлит» неміс, «Хазар» азербайд­жан шығармашылықтарын үйлестіреді. Жұмыстың тағы бір бағыты – халық өнерінің дамуы, авторлармен жұмыс жасау. Осы мақсатпен музыкалық және вокалдық студия құрылған, Степно­горск авторларының фестивальдері жүргізіледі. Целиноград тау-кен химия комбинатының базасында 1994 жылы Степногорск қаласының тарихи-өлке тану мұражайы ашылды Содан мұражай ептеп ұлғая бастады, кәзіргі таңда бұнда 7-і көрме залы бар, ірі кәсіпорындарға арналған геология залы, Степногорск – ЦТКХК, СПЗ, Прогресс, этнография залы, тарих залы, флора және фаун залы, жауынгерлік даңқ залы. Мұражайда сирек кездесетін қола дәуірінің бірі Ақсу өзенінің жадынан б.д.д. 5-7 ғасырлардағы Скиф тас әйелінің мүсіні табылған, мүсін мұражайда орналасқан. Степногорск қаласының мәдениет мекемелері, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 8-кітапханадан тұрады. Екі кітапхана (Орталық қалалық және балалар кітапханасы) қалада орналасқан. Орталық қалалық кітапхана 1966 ж 15-ші қазанда ашылған. Степно­горск қаласының ОҚК-ы 219070 дана құжат қорынан тұрады.

Бұл деректер мұражай қорынан алынды. Қазіргі жаңа дәуірде қаланың өркендеуі басқаша тұс алуда.

 

Дайындаған Полатбек ЖАНБАЕВ

Просмотров: 213 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar