Главная » 2023 » Январь » 7 » СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСІНДЕ (Полатбек ЖАНБАЕВ)
19:52
СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСІНДЕ (Полатбек ЖАНБАЕВ)
 Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына биыл 31 жыл толады. Мемлекеттік мереке қарсаңында Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қуандықұлы Алпысбаевқа жолығып, шаһарамыздың әлеуметтік-экономикалық даму бағыты туралы сұхбаттастық. Жыл аяғына таяған шақта ағымдағы жылды табы­сты аяқтау басты мәселе. Осы бағытта қол жеткізген табыстарымыз туралы білгенді жөн көрдік.

Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлы 1983 жылы Ақмола облысын­да туған. Бiлiмi жоғары. 2000 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк және коммуникациялары академия­сын «Инженер» мамандығы бойын­ша аяқтаған. Еңбек жолын бизнес құрылымдарда бастаса, 2009 жыл­дан бастап 10 бедерінде Шортанды қаласы әкімінің орынбасарынан аудан әкімінің орынбасарына дейінгі қызмет атқарды. 2019 жылдың сәуiрiнен ба­стап 2021 жылдың қазан айына дейін Ақкөл ауданының әкiмi лауазымында болды. Степногорск қаласына әкім болғалы да бір жылдан астам уақыт өтті.

-Алпысбай Қуандықұлы, міне еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күні де таяп қалды. Ел тәуелсіздігінің 31 жылдығын Степногорск қаласының тұрғындары қандай та­быстармен қарсы алып отыр? Шағын шаһарымыздың өнеркәсіп саласы қандай деңгейде дамып жатыр?

-Иә, Тәуелсіздік мерекесі басты мерекеміз. Бұл мерекені қаламыздың еңбекшілері жақсы табыстармен қарсы алып отыр деп ойлаймын. Степногорск қаласының ағымдағы жылдың қаңтар- қыркүйек айлары аралығында әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы көңілден шығады деп айта аламын. Соның ішінде өнеркәсіп саласы басты рөл атқарады.

Қаламыздағы кәсіпорындар жыл басынан бері 299,6 млрд. теңгеге тауар өнімін өндірді. Соның ішінде өнеркәсіптік өндіріс индексі 148,7%, өңдеу өнеркәсібі 155,4% құрады. Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі 28,5 % құрайды. Бұл дегеніңіз жақсы көрсеткіш.

-Соның ішінде тауарлық өнім өндірісі қандай болып тұр?

-Тауарлық өнім өндірісі де жаман емес. Атап айтқанда:

- катодты алтын 127,7 кг, флотоконцен­трат 7,6 мың тонна, кен өндіру - 5358,1 мың тонна;

- алтын 4784,3 кг, Доре қорытпасындағы күміс 1151 кг;

- мойынтіректер 16 мың тонна;

- уран 1183 тонна, 14 мың тонна мыс кон­центраты;

- электр энергиясы 458 млн. квтсағ, жылу энергиясы 584,5 мың Гкал;

- өсімдіктерді қорғау құралдары 6,9 мың тонна;

- күкірт қышқылы 130,3 мың тонна;

- спирт 3472 мың .л.;

- сирек жер металдарының ұжымдық концентраттары - 151 тонна, сульфоаммо­фос - 782 тонна;

- қысқы дизель отыны - 15,1 мың тонна.

-Индустриялық-инновациялық даму жайын сөз етсеңіз.

-Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде атқарылған істер бар:

- «АDELYA GOLD» ЖШС модульдік бай­ыту құрылысын жүргізуде өнімділігі жылы­на 350 мың тонна кен өңдеу зауыттары;

- «Астана Ойл Мұнай үйі» ЖШС дизель отынының сапасын жақсарту мақсатында шағын МӨЗ жаңғырту бойынша жұмысты аяқтау сатысында.

-Өңірімізге салынған инвестиция жайы қандай? Кәсіпкерлік дамып жа­тыр ма?

-Инвестиция көзделген деңгейде. Биылғы 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде қала экономикасына 23,9 млрд. теңге инве­стиция салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 39 % болып тұр.

Кәсіпкерлікті дамытуға басты назар аударылған деуімізге болады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту күн тәртібінен түскен емес. Атап айтқанда, биылғы 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша түрлі салаларда 3529 шағын және орта бизнес субъектілері немесе 2021 жылғы деңгейге 104,7% қызметін жүзеге асырады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте тіркелген субъектілердің үлесі 91,1% құрады. Жыл ба­сынан бері 576 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл жаман көрсеткіш емес.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде атқарылған істер жайы былай:

- 713,3 млн. теңге кредит сомасына 75 жоба субсидияланады, оның ішінде 2022 жылға 35 жаңа жоба;

- 345,3 млн. теңге сомасына 30 жоба кепілдік алды;

- 7,4 млн. теңге сомасына 2 грант берілді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде де ауқымды жұмыстар атқарылды.

Ағымдағы жылы 2 жаңа сауда нысаны ашылды, атап айтқанда олар:

- «Мечта» сауда желісінің тұрмыстық техникасын сату дүкені;

- «Мастер» құрылыс материалдары орталығы.

-Бөлшек тауар айналымы қанша теңгені құрады?

-Есепті мерзім ішінде қалада бөлшек та­уар айналымы 17,1 млрд. теңгені құрады, НКИ – 98,8 %.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айла­рында Степногорск өңірінің және облыс пен Астана қаласының жақын маңдағы аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен 38 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді, онда 382,6 млн.теңге сомаға өнім сатылды.

-Бюджет жайын сөз етсек. Қала бюджетінің орындалуы көңіл көншіте ме?

-Бюджеттің игерілуі үнемі назардан тыс қалған емес. Яғни, есепті кезеңде бюджеттің барлық деңгейлеріне 33,3 млрд. теңге сомасына салықтар мен төлемдер немесе болжамға 103%, өткен жылдың кезеңіне – 125,1% түсті.

Жергілікті бюджетке – 9,1 млрд.теңге немесе болжамға 105,1%, өткен жылдың кезеңіне – 119,9%, оның ішінде қалалық бюд­жетке – 3,7 млрд. теңге немесе болжамға 111,2%, өткен жылдың кезеңіне-115,4%. Республикалық және облыстық бюджет­терден берілетін трансферттерді ескере отырып, 9,1 млрд.теңге немесе жоспарға 100% игерілді.

-Бұл жақсы екен. Енді ауыл шаруашылығына назар салсақ.

-Ауыл шаруашылығын сөз ектен­де, онда өнім өндіруді айта кеткен жөн болмақ. Есепті мерзім ішінде жал­пы өнім 5,7 млрд. теңгеге шығарылды, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 3,8 млрд.теңге, мал шаруашылығы – 1,9 млрд. теңге. Жалпы өнімнің НКИ 101,4 % құрады.

Өндірілген: тірі салмақтағы ет - 473,8 тон­на, сүт – 4,4 мың тонна, тауық жұмыртқасы – 2183 мың дана болды.

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық санаттары бойынша мал басын ұлғайту қамтамасыз етілді: ІҚМ – 17 мың, қой мен ешкі – 21,9 мың, жылқы – 13,4 мың, құс – 25,8 мың және шошқа – 347 басқа жетті.

Егін жинау жұмыстары 20,2 мың га алаңда жүргізілді, астық және дәнді – бұршақты дақылдар – 12,2 мың тонна, май­лы дақылдар – 0,3 мың тонна, картоп – 4 мың тонна, көкөністер – 0,4 мың тонна, бір жылдық дақылдар – 1 мың тонна, көпжылдық дақылдар-0,4 мың тоннаны құрады. Дихан­дарымыз бен малшыларымыздың еңбегі орасан. Ауылдың дамуы – елдің дамуы екені рас.

-Степногорск қаласының өркендеуін сөз еткенде құрылыс саласын айналып кете алмаймыз. Қаламызда құрылыстар жүріп жатыр. Осы құрылыс саласы ту­ралы да айта кетсеңіз.

-Құрылыссыз қала болмайды. Сол үшін соңғы жылдары құрылысқа жақсы көңіл бөліп жатқан жайымыз бар. Біздегі биылғы құрылыс жұмыстарының көлемі 9,5 млрд. теңгені құрады. НКИ-38,8 %

3335 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 2021 жылғы деңгейге 102,3%.

Инженерлік желілерді жүргізе отырып, үш 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нарықтық бағаның құбылуынан нысандарды дер кезінде тапсыру белгілі себептерге байланысты кейінге шегерілгені рас.

-Инфрақұрылым жайы қалай?

-Ағымдағы жылы қала бойынша бірқанша инфрақұрылым жобалары іске асырылды:

- 10,11,12,13 үйлерге қарама-қарсы 9 шағын аудандағы қоғамдық кеңістікті ағымдағы жөндеу (абаттандыру);

- 6-шы шағын ауданның №26, 27 тұрғын үй аулаларының аула аумақтарын абаттан­дыру;

- халық қатысатын бюджет (4 шағын ау­дандар 88 үйлерінің аула аумағын абаттан­дыру);

- 6-шы шағын ауданның №85,86,87 тұрғын үй аулаларының аула аумақтарын абаттандыру;

- ш/а 50 көше жарықтандыру тіректерін орнату, қала маңы.

Бұл тұрғыда мына жұмыстар аяқталуда:

- көше жолдарын ағымдағы жөндеу;

- 5-шы шағын ауданның №15 тұрғын үй аулаларының аула аумақтарын абаттанды­ру;

- Ақсу, Заводской кенттері арқылы өтетін жолды орташа жөндеу;

- қаланың автомобиль жолдарын орта­ша жөндеу.

Сондай-ақ кенттер мен ауылдардың инфрақұрылымын дамыту бойынша жоба­лар іске асырылды:

- Бестөбе кентіндегі кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу;

- Қарабұлақ ауылының жолдарын, көшелерін орташа жөндеу;

- Заводской кентіндегі кентішілік жолдар­ды орташа жөндеу;

- Шаңтөбе кентіндегі кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу;

- Ақсу кентіндегі жолдарды орташа жөндеу.

«Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Қырық құдық ауылы көшелерінің жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

-Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша жақсы жұмыстар атқарылған шығар?

-2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 485 адам енгізілді, оның ішінде Степногорск қаласы мен кенттердің 441 тұрғыны және ауылдардың 44 тұрғыны тартылды:

- қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 25;

- әлеуметтік жұмыс орындары – 41;

- жастар практикасы – 50;

- қоғамдық жұмыстар – 158;

- бірінші жұмыс орны – 8;

- күміс жас – 7;

- ұрпақ келісімшарты – 2;

- жаңа бизнес-идеяларды дамытуға арналған мемлекеттік гранттар – 19;

- «Бастау-бизнес» оқыту – 175.

2022 жылдың 1 қазанына жұмысқа ор­наласу мәселесі бойынша 1791 адам өтініш білдіріп, 1238 адам жұмысқа орналасты­рылды.

2022 жылдың басынан бастап 1003 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 535, уақытша– 468.

2022 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде:

- атаулы әлеуметтік көмек - 155 отба­сы/651 адам;

- 79 отбасына тұрғын үй көмегі/123 адам;

- үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету – 18 адам;

- азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 1290 адам.

Жүріп-тұруы қиын адамдарға (64 адам) «Инватакси» қызметтерін ұсыну бойын­ша жұмыс жалғасуда. 20 адамға жеке көмекші және сурдоаудармашы қызметтері көрсетілді.

«Балапан» ҚБ жартылай стационар жағдайында психоневрологиялық аурула­ры бар 30 адамға қызмет көрсетілді.

«Ардагерлер ұйымы» ҚБ егде жастағы 15 адамға жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Өмір» әлеуметтік қолдау орталығында жыл басынан бері 23 отбасы/74 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

-Білім беруде ілгерілеушілік байқалады ғой.

-Орта білім беру мекемелерінде 10219 оқушы оқиды. Сол сияқты, мек­тепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2485 тәрбиеленуші бар, 3 – тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%, 1-ден 6-ға дейін-81,2% құрайды.

Ағымдағы жылы барлығы 11 - сынып түлектері 370, оның ішінде «Алтын белгі» - 25 түлек, 27 түлек үздік аттестат алды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық турында 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

-Денсаулық сақтау жүйесі дамып жа­тыр ма?

-2022 жылғы қаңтар-шілдеде туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 13,7, жалпы өлім – жітім 1000 адамға шаққанда 11,8 құрады.

«Самұрық-Қазына» АҚ компания­лар тобының қолдауымен «Степногорск қалалық көпбейінді ауруханасы» базасын­да «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды. Орталықта жыл сайын 3 жасқа дейінгі 600 балаға даму бұзылыстары және олардың туындау қаупі бар болғаны үшін тегін қызмет көрсетіледі. Қалалық емхана жақсы жабдықталған.

-Мәдениет және спортта да табы­старымыз бар көрінеді.

-2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте халықты дене шынықтыру және спортпен қамту көрсеткіші 35,4% -. құрады. «Хрусталь ко­лос-2022» қысқы облыстық спартакиада­сында қала құрамасы жалпы командалық 3-орынды иеленді.

Қала командасы «Құлагер» ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша облыстық спартакиадада (Есіл қ., Есіл ауданы) 1-ші жалпы командалық орынға ие болды.

Сондай-ақ, «Ақ бидай» облыстық спар­такиадасында қала командасы қалалар арасында 2-ші және облыс аудандары ара­сында 3-ші орынға ие болды (Біржан сал ауданы).

Қыркүйек айында мүгедектерге арналған заманауи спорттық жабдықтармен жабдықталған демалыс орталығы ашылды.

2022 жылдың басынан бастап қала мен кенттердің мәдениет ұйымдарында 1602 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді, оған 180,3 мың адам қатысты. Мәдениет мекемелерінде 88 клубтық құрылымдарда 2390 қатысушы жұмыс істейді.

Степногорск қаласының әкімдігі Қарабұлақ ауылындағы «Ұлы тағзым» қоғамдық қорымен бірлесіп «Көкмайса фестиваль – 2022» республикалық этнофестивалі аясында «Қымызмұрындық» мерекесін ұйымдастырды. «Қазақалтын Технолоджи» серіктестігінің демеушлігімен өзіңіздің жаңа кітабыңыз жарық көрді. Бұл да жақсы бастама.

-Рақмет, Алеке. Енді қоғамдық қауіпсіздік жайын айтып кетсек.

-Қоғамдық қауіпсіздік жайын сөз етсек, ол былай:

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Степ­ногорск өңірінің аумағында 357 құқық бұзушылық тіркелді, немесе 2021 жылғы деңгейге 90,2%. Ашылу деңгейі 98,6% құрайды. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 54,1 бірлік ті құрайды.

-Ел тәуелсіздігінің мерекесі келіп қалды. Газет оқырмандарына тілегіңізді жеткізсеңіз.

-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Әрбір отбасын­да жақсылықтар бола берсін. Дендеріңіз сау, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіздік мұрасына берік болып, биік белестерді бағындыра берейік.

-Маңызды сұхбатыңыз үшін үлкен рақмет!  

Просмотров: 260 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar