ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес, Степногорск қаласында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының лекторы Арман Нұрахметұлы полиция басқармасы, төтенше жағдайлар басқармасы, қалалық әкімдік қызметкерлеріне, сондай-ақ білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына дәріс оқыды.
🔹 Дәріс барысында қатысушыларға дін саласындағы өзекті мәселелер, діни радикализмнің алдын алу, зайырлы мемлекет қағидаттары мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау бағыттары кеңінен түсіндірілді.
🔹 Сонымен қатар, мамандар тарапынан қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тәжірибелік ұсыныстар берілді.
Мұндай іс-шаралар қоғамда діни сауаттылықты арттыруға және тұрақтылықты нығайтуға өз үлесін қосады. |