Главная » 2022 » Ноябрь » 20 » Степногорск. №69 сайлау учаскесінде (Полатбек ЖАНБАЕВ)
10:24
Степногорск. №69 сайлау учаскесінде (Полатбек ЖАНБАЕВ)

Степногорск қаласындағы №69 сайлау учаскесі ТТК ғимаратында орналасқан. Онда сайлау уақтылы басталды. Жалпы сайлаушылар саны – 1443 кісі. Содан сағат 10 кезінде 250 кісі дауыс берген. Бұл туралы учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Светлана Кубрина айтты. Осы кезде өзінің 29 жасқа толған сәтін атап өткен сайлаушы Нариман Солтанов қуанышын жасыра алмады.

-Туған күнім сайлау күніне тура келді. Ел президентін сайлау жауапты науқан,-дейді ол.

Оған сыйлық берілді.

Бақылаушылар да өз орнында отыр. «Аманат» партиясынан Шолпан Омаров және Партиялық емес бақылау ұйымынан Ирина Коломец бақылау жүргізуде. Ешқандай тәртіп бұзушылық болмаған.

 Сайлау жалғасуда.

Просмотров: 173 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar