Главная » 2022 » Ноябрь » 20 » Степногорск. №68 сайлау учаскесінде (Полатбек Жанбаев)
10:34
Степногорск. №68 сайлау учаскесінде (Полатбек Жанбаев)

Степногорск қаласындағы №68 сайлау учаскесі қаладағы №5 КМЛ ғимаратында орналасқан. Онда сайлаушылар белсенді түрде дауыс беруде. Бұл туралы учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Динара Абдулова айтып берді.

 -Сай–ау өте жақсы өтіп жатыр. Сайлаушылар топ-тобымен келіп дауыс беруде,-дейді ол.

Жалпы мұнда 1473 сайлаушы бар. Сағат 10 кезінде 150 кісі дауыс берді., қарт сайлаушы Алаксандр Гуляков өзінің құқығын пайдаланып дауыс беретінін мақтан етіп отыр. Ол 1937 жылдың 11 қазанында туған.

Өзінің туған күнін сайлау учаскесінде атап өткен сайлаушылар да бар. Оның бірі Аманжол Қабдуалиев болса, екншісі Азамат Омаров. Олар ел президентін таңдағандарын мақтан етеді.

Мектептің өнерпаздары домбыра тартып өнер көрсетуде. Қуандық Әлімжавно ағамыз оларға басшылық жасап жүр. Кәсіпкерлер сауда жасауда.

Бақылаушылардан «Аманат» партиясынан Бағлын Наурызбаева мен партиялықемес бақылаушылар тобынан Ақмарал Жекина өз міндеттерін мінсіз атқарып жатыр. 14 кісінің дауысын үйлеріне барып жинау көзделген.

Сайлау жақсы жалғасып жатыр.

 

Просмотров: 172 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar