Главная » 2025 » Июнь » 13 » Спортшыға құрмет көрсетілді
21:51
Спортшыға құрмет көрсетілді

Өткен аптада Степногорск қаласында 2025 жылы Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиадада қола жүлдеге ие болған биатлоншы Арина Александровна Крюковаға қала әкімінің атынан алғыс хат табысталды.

Арина 7,5 шақырымдық әйелдер спринтінде үшінші орын алып, Қазақстан құрамасының қоржынына оныншы медальді әкелген болатын. Бұл жеңіс – тек спорттық жетістік қана емес, қаламыз үшін үлкен мақтаныш.

Спортшының еңбекқорлығы мен ел намысын қорғаудағы үлесін бағалай отырып, қала басшылығы оған естелік сыйлық ұсынды.

Сондай-ақ, Аринаның табысқа жету жолындағы қолдауы мен тәрбиесі үшін, қайсар мінезін қалыптастырып, өмір жолында қолдау көрсеткен әжесі мен жаттықтырушысына да алғыс хаттар тапсырылды.

Қала басшылығы Аринаның болашақта да биік белестерді бағындырып, еліміздің атын әлемге таныта беруіне тілектестік білдірді.

 

Қала әкімінің баспасөз қызметі

Просмотров: 79 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar