Главная » 2025 » Июнь » 14 » Шынайы дарын, шексіз мүмкіндік (Полатбек ЖАНБАЕВ)
12:49
Шынайы дарын, шексіз мүмкіндік (Полатбек ЖАНБАЕВ)

Қаламызда оқу жылы
аяқталып, оқушылар мен
мұғалімдер көптен күткен
жазғы демалысты жарқын
жүзбен қарсы алып отыр.
Степногорск қаласындағы
«Горняк ОМС нысанында
ағымдағы жылдың мамыр
айында Сәкен Сейфуллин
атындағы көпсалалы мектеп-
лицейі ерекше форматтағы, ша-
быт пен шапағатқа толы «Шы-
найы дарын, шексіз мүмкіндік!»
атты жетістіктер шеруін атап
өтті.
Атаулы мектепте жыл сайын өтетін бұл
форум – білім мен өнер, ғылым мен спорт
салаларында дараланған оқушыларды
марапаттауға арналған шынайы мереке
болды. Оқу жылы бойы қол жеткізген та-
быстар сараланып, алға озған жүйріктер
көзге түсті.
Аталған шараға Степно-
горск қаласының бірқатар құрметті
қонақтары, қоғам қайраткерлері мен
білім саласының жетекшілері қатысты.
Олардың қатарында қала әкімінің орын-
басары Жанасыл Сабырұлы, қалалық
мәслихат төрағасы Жағыпаров Олжас,
қалалық маслихат депутаты Накошный
Александр, сондай-ақ білім бөлімінің
басшысы Оспанова Алтын және басқа
да зиялы қауым өкілдері болды. Олар өз
құттықтау сөздерінде жастардың білім
мен дарынға деген құштарлығын атап
өтіп, ел болашағы осындай өрендердің
қолында екеніне сенім білдірді.
Жанасыл Сабырұлы мектеп ұжымы
мен оқушыларды қол жеткізген табы-
старымен құттықтады. Озат оқып, үлгілі
тәрбиесімен көзге түскен жастарды
жетістіктерімен құттықтап, алдағы өмір
жолдарына оң қадам тіледі.
Мектеп көлеміндегі аталмыш шеру
барысында қалалық, облыстық және
республикалық деңгейлерде үздік нәтиже
көрсеткен жүзден аса оқушы түрлі ата-
лымдар бойынша марапатталды.
«Горняк» орталық мәдениет
сарайының сахнасында Берікбай Шғайып
бастаған ұстаздардың шәкірттері өз
өнерлерін көрсетті. Сахналық көріністер
ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мерей-
тойына арналған болатын.
Мектептен шыққан дарындылардың
арасында: бастауыш сынып
оқушыларының арасында «Дарын –
2025ж.» аталымын 4 «А» сынып оқушысы
Нұғыманов Жолбарыс, орта буын
оқушыларының арасынан «Жас дарын –
2025ж.» аталымы бойынша 5 «А» сынып
оқушылары Сағындық Медина, Әлібек
Ақерке және 6 «А» сынып оқушылары
Жантөрин Ерасыл, Сүйіндік Айару ма-
рапатталып, «Сәкен ізбасары» естелік
сыйлығына ие болды. Жыл бойы қол
жеткізген табыстары оқушыларды биік
деңгейге өрлетті.
Өтіп бара жатқан оқу жылында «Оқуға
құштар мектеп» жобасында жастардың
кітапқа деген сүйіспеншілігін артты-
рып, рухани дамуға жол ашу аясында
оқулықтан дос, сырлас таба білген «Үздік
оқырман-2025ж.» аталымы бойынша 6
«Б» сынып оқушысы Төлеген Сезім ма-
рапатталып, «Сәкен ізбасары» естелік
сыйлығына ие болды. Бұл да оқушының
көп ізденісінің нәтижесі болатын.
Бастауыш буыннан «Жас зерттеуші
– 2025ж» аталымының иегері 4 «А»
сынып оқушылары Мұсабекова Жа-
нерке, Сенбай Нұрайым, орта буын
оқушыларының арасында «Жас
зерттеуші – 2025ж» аталымының иегері
6 «А» сынып оқушылары Советов Шер-
нияз бен Қунанбаева Айлана, жоғары
буын оқушыларының арасында «Жас
зерттеуші – 2025ж» аталымының иегері
10 «А» сынып оқушысы Асқарбек Айлана
марапатталып, «Сәкен ізбасары» естелік
сыйлығына ие болды. Бұл да аталмыш
оқушыларының жыл бойы төккен маңдай
терлерінің арқасы болғаны рас.
Осы басқосуда мектепің талант-
ты оқушыларының арасында ең үздік
«Өнер жұлдызы -2025ж» және «Сәкен
ізбасары» естелік сыйлығына ие болған
дарын иесі 9 «А» сынып оқушысы
Амангелді Ақылжан алға озып шықты.
Амангелді көп жылдардан бері ән салып,
басқа да өнерімен мектептің абыройын
көтеріп келеді. Жерлес ақынымыздың
сөзіне жазылған әнді шырқап, талай
марапаттарға қол жеткізген. Бүгінгі көрініс
соның нәтижесі деп айта аламыз.
Спорт пен денешыныықтыру жас бу-
ынды шымырлыққа баулиді. Талпыны-
стар жас буынды биік деңгейге көтереді.
Қол жеткізген табыстар мектеп абырой-
ын биікке өрлетуге үлес қосып келеді.
Спорттың түрлі саласында алға озып
жүрген жастар баршылық. Олар ұлттық
спортты да дәріптепк елуде.
Мектеп өмірінде жеңіске деген
жігерімен, жарыстардағы жетістіктерімен
дараланған спортшылардың ара-
сынан ең үздігін анықтап, орта буын
оқушыларының арасында «Үздік спорт-
шы -2025ж» аталымын қорғаып және
«Сәкен ізбасары» естелік сыйлығын
6 «Ә» сынып оқушысы Баянбай Ернұр
және жоғары буын оқушылары арасы-
нан «Жас спортшы – 2025ж.» аталы-
мымен 10 «А» сынып оқушысы Еремен
Аяжан марапатталып, «Сәкен ізбасары»
естелік сыйлығына ие болды. Моншақтап
төгілген тердің нәтижесі көзге көрінген
сықылды.
Айрықша атап өтер жайт – форум тек
марапаттау рәсімімен шектеліп қалған
жоқ. Қонақтар мен көрермендер оқушылар
дайындаған театрландырылған
көріністер, музыкалық орындаулар,
ұлттық би мен сазды қойылымдарға
куә болды. Абай Құнанбайұлының 180
жылдығына арналған сахналық көрініс,
«Степногорск» әні және «Мезгіл»
театрының қойылымы – көрермендерге
рухани әсер сыйлады.
Осы күні дарындылар шеруі сахнасын-
да мектеп-лицейінің ең үздік оқушылары
ғана емес, сонымен қатар олардың ата-
аналары және оқушылардың бойындағы
қабілетті шыңдаған, бағыт-бағдар беріп,
білімге жетелеген мұғалімдер де мара-
патталды. Бұл – отбасылық тәрбие мен
ата-ананың қолдауын мойындау әрі қоғам
назарын осыған аудару ниетінен туған
игі іс. Осының өзі мектеп ұжымының көп
ізденістерін көрсетті.
Мектеп әкімшілігі мен
ұйымдастырушылардың айтуынша,
мұндай шеру жыл сайын өткізіліп тұрады.
Биылғы іс-шара ауқымы, мазмұны және
көркемдік жағынан ерекше деңгейде өтті.
Қол жеткізген табыстармен тоқмейілсуге
болмайды. Нағыз дарындылар мұнан
да биікке ерісуге тиіс. Сол үшін биылғы
жетістіктерді марқаю деп атамай, сыни
көзбен қарауға тиіспіз.
Мектеп көлемінде өткен «Шынайы
дарын, шексіз мүмкіндік!» форумы – да-
рын мен табыс салтанат құрған сәт.
Жас ұрпақтың биікке ұмтылған арма-
нын қолдап, қоғам назарын олардың
жетістігіне аудару – бұл шараның басты
мақсаты болды.
Бүгінгі басқосу тек мадақ болмауы ке-
рек. Алға қойған мақсаттарға ерісу кезеңі
болғаны жақсы. Алда талай асудар тұр.
Жазғы демалысты қалай ұйымдастыру
керек, мектептің жөндеуі, жаңа оқу жылы-
на әзірлік сынды сын кезеңдер кезек күтіп
тұр. Біз толдық, болдық деп айтуға бол-
майды.
Мектеп басшысының ұстанымдарына
қолдау көрсетіп, оқу бағдарламасы негізінде
жаңа биіктерге ерісу жолын қарастырған
мақұл. ХХІ ғасыр жаңару кезеңі. Сол үшін
бүгінгі қолда бар жетістіктермен тоқтап
қалуға тағы болмайды

Просмотров: 50 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar