Главная » 2023 » Апрель » 10 » Шаңтөбе кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының № 4 ХАТТАМАСЫ
08:30
Шаңтөбе кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының № 4 ХАТТАМАСЫ

Шаңтөбе кенті                          сағат 15.00                             03.04.2023 жыл

 

        

Төрағалық еткен: Мұқанов Ержан Баялыулы - Шаңтөбе кентінің әкімі

Жиналыс хатшысы: С.Ж. Шаматова – Шаңтөбе кенті әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілдері, кент тұрғындары, әкім аппаратының мамандары.

Көпшілік тыңдаулар өткізу туралы ақпарат кент тұрғындарына 2023 жылғы 3 наурыздағы № 9 «Сандыктауский край» аудандық газетінде жариялау арқылы жеткізілді.

Күн тәртібі:

  1. «Шаңтөбе кентінің Киров, Ленин, 60 лет Октября, Восточная, Филатов, Советская, 30 лет Победы, 1 Мая, Горький, Спортивная көшелеріне қайта атау туралы»

Е.Б. Мұқанов көшелерді қайта атау тәртібі мен рәсімі туралы ақпарат беріп, көшелерді қайта атау туралы ұсыныс айтты:

- 30 лет Победы көшесін Абай көшесіне;

- 60 лет Октября көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне;

- Горняцкая көшесін Мәншүк Мәметова көшесіне;

- Восточная көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;

- Советская көшесін Қажымұқан көшесіне;

- Горький көшесін Сәкен Сейфуллин көшесіне;

- Филатов көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне;

- Ленин көшесін Әл-Фараби көшесіне;

- Спортивная көшесін Шоқан Уәлиханов көшесіне;

- Киров көшесін  Мұхтар Әуезов көшесіне өзгерту туралы ұсыныс білдірді.

 

Ақпарат мәлімдеме ретінде қабылданды

Аталған мәселе бойынша – Л.Н. Тумашеева (жергілікті қоғамдастық мүшесі) сөз сөйледі.

 

Талқылау барысында Киров, Ленин, 60 лет Октября, Восточная, Филатов сияқты бес көшенің атауын өзгерту туралы қорытындыға келді, осы шешім бойынша қолдап, өз пікірлерін білдіргендер:

1. Г.К. Аннаев «Шаңтөбе-энерго-кешен» ЖШС жұмыскері

2. Р.С. Попова зейнеткер

3. К.Н. Магзумов зейнеткер

4. Ә.Т. Алсеитов  зейнеткер

 

 

Атауын өзгертуге қарсы шыққандар:

     1. И.И. Демин – «Шаңтөбе-энерго-кешен» ЖШС шебері

     2. А.Н. Соловьев – зейнеткер

     

Негізгі мәселелерді талқылау және дауыс беру қорытындысы бойынша мынадый шешім қабылданды:

Степногорск қалалық мәслихаты мен Степногорск қаласының әкімдігіне Киров көшесін Мұхтар Әуезов көшесіне, Ленин көшесін Әл-Фараби көшесіне, 60 лет Октября көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне, Восточная көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне, Филатов көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне қайта атау туралы ұсыныс енгізілсін.

 

Қатысқандар саны:  52

Қолдау көрсеткендер:  37

Қарсы болғандар:  8

Қалыс қалғандар: 7

 

Тізім қоса беріледі

 

 

Төраға                                                                                              Е. Мұқанов                                                                                                          

Хатшы                                                                                        С. Шаматова

Просмотров: 197 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar