Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасенов Шаңтөбе кентінде тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер көтеріліп, оларға түсініктемелер берілді және сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды.
Кездесу барысында талқыланған сұрақтар тізімі барлық кездесулер аяқталған соң Степногорск қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Салалық құжаттар» -> «Тұрғындарға» -> «Тұрақты кездесулерде берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау» бөлімінде жарияланатын болады.
Қала әкімі Гайдар Қасенов жұмыс сапары аясында қала әкімі Шаңтөбе кентіндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен балабақшаны аралады.
Нысандарды аралауға кент әкімі, қала әкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары қатысты. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Қала басшысы Шаңтөбе кентіндегі халықпен кездесуіммен қатар азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Әрбір сауалға тиісті түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бойынша Шаңтөбе кентінің әкіміне нақты тапсырмалар берілді.
Қала әкімінің баспасөз қызметі |