Главная » 2023 » Октябрь » 19 » Сауатты жазу - біліктілік өлшемі
17:15
Сауатты жазу - біліктілік өлшемі

Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында «Біздің заманымыз – жазу заманы. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білу, сөз қандай орын­да қалай өзгертіліп, қалайша біріне-бірі қиюласып, жалғасатын жүйесін білу ке­рек», деген болатын. Көпшілікке топырақ шашудан аулақпыз, әйтсе де соңғы жылдардан бастап қызмет атқарып жүрген азаматтарға дейін сауаттылыққа мән беруді қойған секілді. Ондайлардың қатары артып келе жатқанын мойындауға тура келеді. Қателерге көз жұма қарай берсек, беті аулақ, жазу мәдениетінен айырылған елге айналарымыз хақ. Са­уатты жазу біздің тіл мәдениетіміздің көрінісі болып табылады.

Күнделікті тіршілікте жан-жағымызға қарасақ, анық қарайтын болсақ, ана тілінде таза, сауатты жазатын адамдар тобы азайып бара жатқанына куә бола­мыз. Оның басты себебі – ана тіліне деген немқұрайлылық болса керек. Әрі қазіргі ғылым мен технология мықты дамыған кезеңде қажетті ақпаратымызды жыл­дам іздеп, ақпарат алмасуда сөздер мен сөз тіркестерін, тіпті, сөйлемдерді де ба­рынша интернет желісінен қарап қолдана аламыз.

Қазіргі кезде дүкендерде, шағын сауда орталықтарында жүрген кезде, қазақша аударымдардың біршама қатесі тұрады.

Егер де, сіздер қазақ тілінің грамма­тикасы жөнінде сұрақтарыңыз болса, қазақ тілін еркін үйренгілеріңіз келсе, «Степногорск қалалық оқыту-әдістемелік орталығына» жүгінуіңізге болады.

 

«Степногорск қалалық оқытуәдістемелік орталығы» КММ оқытушысы Каиргельды Үміт Ерболатқызы

Просмотров: 154 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar