Главная » 2026 » Август » 23 » Сайлау қарқын алып келеді
10:42
Сайлау қарқын алып келеді

Л.Н.Толстой мектебінде Степногорск қаласындағы №4 Лев Толстой атындағы мектеп-гимназиясында №67 сайлау учаскесі орналасқан. Алла Запрягаева төрайымдық ететін бұл учаскеде жалпы 1051 сайлаушы бар болатын. Дауыс берушілер сағат 7-ден бастап осында келіп, өз таңдауларын жасауда. ҚР Құрылтайына дауыс беру борышым деп таңдау жасап жатыр. Ең бірінші болып учаскеге Айтмұқанов Талғат келген еді. Оған сыйлық берілді.
4 кісі үйден дауыс береді. 8 кісі бірінші рет дауыс бергелі отыр. Олар жастар болатын. Бүгін 3 сайлаушының туған күні екен. Осы қуанышты болып отыр. 
Мүмкіндігі шектеулі кісілерге де жағдай жасалған. Бала мен анаға да орын бар. 
Бақылаушылар ЕҚЫҰ ұйымынан, партиялардан және "Дауыс" республикалық қоғамдық ұйымынан келді. Дауыс беру барысында ешқандай бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Просмотров: 18 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar