Главная » 2026 » Август » 23 » Құрылтай сайлауы. Степногорск
08:07
Құрылтай сайлауы. Степногорск

№ 61-сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайына сайлау Степногорск қаласында жақсы жүріп жатыр. Сайлаушылар таңнан бері дауыс беруге көптеп келуде. Балалар музыка мектебінде орналасқан №61-сайлау учкскесі мерекеге айналды. Ән әуені қалықтайды.
Мұнда жалпы 2136 сайлаушы бар. Оның 23-і үйден дауыс береді.19 жас ең бірінші рет дауыс беретін жастар. 
Учаскеге ең бірінші болып Клейн Данил Владимирович келіп, таңдау жасады. Оған сыйлық берілді.
Учаскеде бақылаушылар отыр. Олар: ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұйымынан келген Wedul Camila Froseth пен Ivditkskii Gleb болып табылады. Сонымен бірге «Әділет» партиясынан Назира Жүнісбекова, «Дауыс» РҚҰ–ынан Динара Қайыржан бақылауда. 
-Дауыс беруге ерте келдім,-дейді сайдаушы Күләш Елеуова. –Өз таңдауымды жасадым. Баршаны да дауыс беруге шақырамын. 
Музыка мектебінде сауда да қыза түсуде. Кәсіпкерлер қызмет етіп жатыр.

Просмотров: 15 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar