Главная » 2026 » Август » 1 » Құрылтай сайлауы
23:04
Құрылтай сайлауы

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жүріп жатыр. 7 тамыздан бастап қазақстандықтар сайлаушылар тізіміне енгізілген-енгізілмегенін және жеке деректерінің дұрыс көрсетілгенін тексере алады.

Әрбір азамат сайлаушылар тізіміне енгізілмеген, қате енгізілген, тізімнен шығарылған немесе тегі, аты-жөні мен басқа да деректерінде қателік кеткен жағдайда учаскелік сайлау комиссиясына жүгінуге құқылы.

Азаматтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы мәліметті және дауыс беретін учаскесінің мекенжайын жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстары арқылы қашықтан біле алады. Сонымен қатар сайлаушылар тізіміне енгізілу туралы ақпарат облыстар, қалалар және аудандар әкімдіктері жанынан құрылған call-орталықтар арқылы да ұсынылады.

Просмотров: 12 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar