Главная » 2026 » Август » 1 » Құрылтай сайлауы
22:58
Құрылтай сайлауы

Құрылтай депутаттарын сайлау күні ел бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 80-нен астамы шетелде орналасады.

Сарапшылар қазақстандықтарды сайлауға жауапкершілікпен қатысуға шақырады. Себебі Құрылтайдың жаңа құрамы елдің болашақ дамуына ықпал ететін маңызды шешімдер қабылдайды.

Олардың айтуынша, бір палаталы Құрылтайға көшу – атаудың өзгеруі ғана емес, саяси жүйені жан-жақты жаңғыртуға бағытталған қадам. Соның нәтижесінде заңдар жедел әрі тиімді қабылданып, артық бюрократиялық рәсімдер азаяды.

Сондай-ақ сарапшылар Құрылтайдың жаңа құрамы саясатқа жаңа буынның келуіне және тың бастамалардың жүзеге асуына жол ашады деп есептейді.

Просмотров: 13 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar