Главная » 2026 » Май » 20 » Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары мен қонақтары!
14:38
Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2026 жылғы 20 мамырда күннің екінші жартысында Степногорск қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты жедел штаб күштері мен құралдарының Террористік көріністерге шұғыл ден қою, терроризм актісінің салдарын азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеру болып табылады. Жаттығу әр түрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын. Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізудің қоршауында шектеу шаралары көзделген.

Халықтан уақытша қолайсыздықтар туралы түсіністікпен қарауды және тартылған мемлекеттік органдардың барлық талаптарын орындауды сұраймыз. Бұдан басқа, ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама» бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізуді не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтінін халыққа хабарлаймыз.

 

Степногорск қалалық терроризмге қарсы жедел штабы

Просмотров: 16 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar