Сіздерді тарихи оқиғамен — Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуімен құттықтаймын!
Бұл күн еліміздің болашағы үшін жаңаруды, бірлікті және ортақ жауапкершілікті білдіреді. Жаңа Конституция мемлекеттің одан әрі дамуына, әділдік пен заңдылық қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және әрқайсысы үшін тең мүмкіндіктер жасауға кең мүмкіндіктер ашады.
Осы маңызды кезең баршамызды жасампаз еңбекке, жаңа жетістіктерге және туған Қазақстанның дамуына қосқан үлесімізге шабыттандырсын. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, отбасылық амандық, бейбітшілік пен болашаққа сенімділік тілеймін. Еліміз бірлікті, тұрақтылық пен тәуелсіздікті сақтай отырып, прогресс жолымен сенімді жүрсін.
Жетпісбаева С. О., Степногорск қаласының Аналар кеңесінің төрайымы |