Былтырдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық мереке мәртебесін алған Республика күнін тойлап келеміз. 25 қазан – еліміз үшін тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. 1990 жылдың дәл осы күні тәуелсіздікке алғашқы қадам жасалды, Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Республика күні – азаматтық келісім мен жалпыұлттық бірлік мерекесі, елдің бүгіні мен болашағы үшін ортақ жауапкершілік.
Елмен бірге қиын жолдан өттік. Бүгінде Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, дәстүрі бай, халқы тату, мүмкіндіктері зор мемлекет.
Сіздерді Степногорск қалалық мәслихаты атынан Республика күнімен құттықтаймын. Сіздерге бақыт, денсаулық, бейбітшілік және өркендеу тілеймін! Туған жерге деген сүйіспеншілік бізді әрқашан Республикамыздың гүлденуі жолында жаңа жетістіктерге жете беруге бастай берсін.
Степногорск қалалық қалалық мәслихатының төрағасы Олжас Жағыпаров
|