Главная » 2026 » Февраль » 27 » Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміне енгізілуін тексеру туралы
16:20
Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміне енгізілуін тексеру туралы

 

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған рес­публикалық референдумда дауыс беру күніне 18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азама­тының қатысуға құқығы бар.

Тізімдерді әкімдіктер нақты дауыс беру учаске­сінің аумағындағы тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Сіздің тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Егер тұрақты тіркелуіңіз болмаса, Сіз референдум тағайындалған сәттен бастап, тиісті жергілікті атқарушы органда дауыс беруші ретінде тіркеле аласыз. Дауыс беру учаскелері тиісті әкім­дердің шешімдерімен құрылады және олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

2026 жылғы 27 ақпаннан бастап Сізге өз учаскеңізде республикалық референдумға қа­тысуға құқылы азаматтардың тізімінен өзіңіз ту­ралы деректерді тексеру мүмкіндігі берілетін бо­лады.

Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы

Просмотров: 18 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar