Алдағы 15-наурызда Ата Затымызды таңдайтын боламыз. Қазақстан Республикасында референдумға жақсы дайындықтар көріліп жатыр.
Бүгін біздің Жоғары колледжімізге Астанадан құрметті қонақ келді. Республикалық халықтық коалация мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау бастаған қонақтар еңбек ұжымында кездесу өткізді.
Мұғалімдер, шеберлер, студенттер өз жүрек қалауларын білдіретін болады. Мәртебелі қонақ Референдумның маңызы туралы кең көлемде баяндама жасады. Сұрақтарға жауаптар берді. Колледж жұмысымен танысты.
Облыстық мәслихат депутаты Марат Қойшыбаев та сөз сөйлеп, алда тұрған міндеттер жайлы айтты.
Колледжіміз ұжымы референдумға түгел қатысатын болады. Өз жүрек қалауларын білдіреді.
Әркімнің дауысы маңызды.
Елена Тарасова, колледж директоры |