Главная » 2026 » Февраль » 27 » Референдумға түгел қатысамыз
15:49
Референдумға түгел қатысамыз

15-наурызда болатын Қазақстан Республикасы Ата Заңының тағдырын шешетін референдумға санаулы уақыт қалды. Күн санап жақындап қалған саяси науқанға Степногорск қаласында зор әзірліктер көрілуде.

Өткен дүйсенбі күні қаламызға Астана қаласынан мәртебелі қонақтар келді. Республикалық халықтық коалиция мүшелері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Альберт Павлович Рау және Амола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Марат Советұлы Қойшыбаев бірнеше еңбек ұжымдарымен кездесіп, алдағы болатын республикалық референдумға дайындық мәселелері бойынша дидарласты. Атап айтқанда мәртебелі қонақтар Степногорск Жоғары колледжінде, қалалық емханада, Степногорск Таукен-химиялық комбинатында, Степногорск су-арнасы кәсіпорнында және қаламыздың мәдениет саласы қызметкерлерімен ұшырасулар өткізді.

Жоғары колледжге барған қонақтар әуелі білім ұясының жай-жапсарымен танысты. Тәжірибелік құрылғылармен танысып, жастарды кәсіпке баулу сырларын білуге тырысты. Қала әкімі Гайдар Қасенов мәртебелі қонақтармен бірге болып, білім ұясының алға қойған мақсаттары туралы айтты. Колледж директоры Елена Тарасова жасалып жатан қолайлылықтар үшін алғыс сезімдерін білдірді. Студенттердің тәжірибемен бірге білімді қалай ұштастырып жатқанын көрді.

Өз баяндамасында Альберт Рау саяси науқанға еліміз бойлап жақсы әзірліктер көріліп жатқанын айтты. «Аманат» партиясы бас болып, референдумды қолдау кең етек жаюда. Степногрскқ аласы өнеркісіпті шаһар. Еңбек ұжымдарында жұмысшылармен, қызметкерлермен референдумның мәнін кеңірек түсіндіру керек. Ата Заң жаңа бағытпен өзгеріп жатыр. Адам факторы басты құндылығымыз болып тұр. Біздің еліміз талай сындардан өтті. Ел бірлігі мен ұлттар татулығы басты ұстанымымыз болуға тиіс. Араға іріткі салушыларды тыңдамау керек. Заң шеңберініде жұмыс жүргізіп, құқықтық негіздерге жүгінген абзал.

Осындай пікірлерді Марат Қойшыбаев та айтты. Қалалық емханада болған кездесуде шипагерлер ортасында тағы да референдумға әзірлік жайлары сөз болды.

Мұнан соң мәртебелі қонақтар Степногорск Таукен-химиялық комбинатына барды. Гидрометталургиялық зауытта болған кездесу де зор шабытпен ұйымдастырылды. Референдумның мәні ашыла түсті. Жұмысшылар, химия комбинатының мамандары өздерін толыққанды саяси сабақ алған кісілер санатында таныды.

Су-арнасы кәсіпорнының мамандары да бұл кездесуді жарқын жүзбен қарсы алды. Альберт Рау еңбек ұжымы алдында мағыналы баяндама жасады. Сұрақтарға өз жауабын айтты. Жұмыс мәнімен танысты. Марат Қойшыбаев, қала әкімі Гайдар Қасенов сөз сөйлеп, алда тұрғын міндеттерге тоқтала кетті. «Аманат» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Абай Әлжанов, қалалық мәслихаттың төрағасы Олжас Жағыпаров еңбек ұжмдарында жұртшылық алдында сөз сөйлеп, референдумның мәнін аша түсті.

Қаладағы «Горняк» орталық мәдеиет сарайында мәдениет саласы қызметкерлерімен бірге басқосу өткізілді. Мұнда да сала мамандары алдында баяндама жасалып, алдағы болатын референдумның мәні ашыла түсті.

Мәдениет маманы Берікбай Шұғайыпұлы референдум туралы толыққанды баяндама жасап, дауыс берудің мәнін ашып көрсетті.

Степногорск қаласында болған басқосулар алда болатын референдумға дайындықты пысықтай түсті. Ел болып референдумды көңілдегідей өткізу басты мақсат болып тұр. Әркімнің дауысы маңызды болады. Сол үшн 15-наурызда болатын референдумға бір кісідей толық қатысқанымыз мақұл. Әркім өз таңдауын жасайды.

Просмотров: 20 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar