Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов өзінің орынбасарларымен, қалалық мәслихаттың хатшысы және депутаттарымен, дербес бөлімдердің, кәсіпорындардың басшыларымен, кенттердің, ауылдардың, сондай-ақ ауылдық округтің әкімдерімен, мектеп директорларымен аппараттық кеңес өткізді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. 2021 жылғы, 2022 жылғы 1-тоқсандағы бюджетке кірістердің түсу қорытындылары туралы және 2022 жылға арналған жоспарлар туралы;
2. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізуге дайындық туралы;
3. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2021 жылы атқарған жұмыстары және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы;
4. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы.
Сондай-ақ, ағымдағы мәселелер қаралып, бірқатар тапсырмалар берілді.
Жауапты басшыларға қала әкімі өз бағыттары бойынша қойылған міндеттерді уақытылы және сапалы орындау қажеттігін атап өтті.
Қала әкімінің баспасөз қызметі
|