Елімізде болатын референдумға Степногорск қаласындағы №5 КМЛ білім ұясы зор дайындықтар көруде. Күні кеше мектебімізге "Аманат" партиясы қалалық филиалының төрағасы Данияр Хиноятов пен филиалдың атқарушы хатшысы Абай Әлжанов келді. Мектеп ұжымымен кездесу өткізіп, ҚР Жаңа Конституциясының жобасымен кеңінен таныстырды. Басты құжаттың жобасы көптің ойынан шығып тұр. Білім ұясының ұжымы 15-наурызда референдумға қатысып, өз таңдауларын жасайды. Әркімнің дауысы маңызды екені белгілі болды.
Ел ертеңіне сенеміз. Сол үшін референдумға қатысамыз.
Референдумға қатысу арқылы жүрек қалауымызды білдіреміз.
Ел ертеңіне сай таңдау жасаймыз. Ата Заңға зор сеніммен қараймыз. Жастарға терең білім беріп, алға қойған мақсаттарға ерісе береміз.
15-наурызда мектебімізде дауыс берушілерге концерттік бағдарлама әзірлеп жатырмыз.
Орынбасар ИСКАКОВА, №5 КМЛ басшысы |