Алдағы 15-наурызда болатын республикалық референдумға бейжай қарай алмаймыз.
Ата Заң жаңарып жатыр. Жаңарған заң ел мүддесін қорғайды. Өміріміз бен тұрмысымыз жаңғырады.
Әрбір азамат осыған мән бергені мақұл. Отбасыларыңызбен түгел референдумға келіңіздер. Әркімнің дауысы маңызды болып тұр.
Қарабұлақ ауылында саяси науқанға дайындық қызу жүріп жатыр. Әр отбасы бұған аса мән беруде. Конституцияның жаңа редакциясымен танысып шықтым.
Ел ертеңіне сенеміз. Сол үшін референдумға барамыз.
Көктеммен келген саяси науқан ел ертеңіне жол ашады.
Референдум учаскесіне азаматтар түгел келгені мақұл. Өз таңдауыңызды жасайсыздар. Концерттік бағдарлама ұсынылады.
Баршаға жақсылықтар тілеймін.
Мұсылманбек Исмагулов. Қарабұлақ ауылының әкімі |