Главная » 2025 » Июнь » 13 » Партялық бақылау жүргізілді (Полатбек ЖАНБАЕВ)
21:37
Партялық бақылау жүргізілді (Полатбек ЖАНБАЕВ)

Степногорск қаласында құрылып жатқан нысандарда жұмыстар қалай жүріп жатыр. Осы сұрақ төңірегінде партиялық тексеру комиссиясының мүшелері бірқанша құрылыс нысандарында болып, жұмыс қарқынымен жақыннан танасып, нысандардың мерзімінде пайдалануға берілу жайын назарға алды.

"AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру аясында "Халықпен бірге!"Ақмола облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған " AMANAT " партиясының Степногорск қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алексей Гетмановпен бірлесіп нысандарға мониторинг жүргіздік.

Мониторинг барысында келесі нысандар тексерілді: 3 млн.шаршы метр тұрғын үй құрылысы, оның ішінде 45 пәтерлі бір үй берілмеген, қалалық көпсалалы аурухана және "Ақсу"стадионы.

Қырық бес пәтерлік тұрғын үйдің жай-күйін көзден кешірдік. Құрылыс 2022 жылдың 22 қазанывнда басталған. 2024 жылдың ақырында пайдалануға тапсырылуы керек еді. «Нуркапастройгаз» ЖШС мердігер компаниясы құрылысты жүрзізуде. Құрылыс учаскесінің басшысы Болат Қалқайұлы алдағы шілде айында құрылысты толық баяқтаймыз деп уәде беріп отыр. Жертөледе әлі бірқанша жұмыстар бар көрінеді.

Мониторингтің мақсаты - құрылыс жобаларын іске асырудың жай-күйін бағалау, сондай-ақ өңірді дамыту бағдарламасы шеңберінде жедел шешу үшін назар аударуды талап ететін ықтимал түйткілдер мен кемшіліктерді анықтау болып табылады.

Құрылыс нысандары мерзімінде бііткені мақұл.

Полатбек ЖАНБАЕВ

Просмотров: 78 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar