13:17 «Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер | |
Межұлтық келісім – Қазақстан халқының ең қымбат байлығы. Біздің елде жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олардың барлығы бір шаңырақ астында бейбітшілік пен татулықта өмір сүруде. Бұл – халқымыздың даналығы мен төзімділігінің айғағы. Ұлттар арасындағы достық – қоғамның дамуына, елдің гүлденуіне негіз болады. Егер адамдар бір-бірін сыйлап, құрметтесе, онда бірлік күшейіп, болашағымыз жарқын болады. Әр азаматтың міндеті – осы татулықты сақтап, оны бағалай білу. Бірлік бар жерде тірлік бар дейді халқымыз. Сондықтан біз ұлтаралық келісімді қастерлеп, бейбітшілікті сақтау жолында әрқашан бірігіп еңбек етуіміз қажет. М. Амангелдинова, А.Мырзахметов атындағы университеттің 2 курс студенті | |
|
Всего комментариев: 0 | |