6 мамыр күні «Горняк» ор-
талық мәдениет сарайын-
да Отан қорғаушылар күніне
арналған салтанатты басқосу
болды. Мерекелік концерт-
ке қала жұртшылығы, еңбек
ұжымдарынан өкілдер қа-
тысты. 7 мамыр – Отан қорға-
ушылар күні елімізде жыл
сайын тойланады. Биыл да
осы мерекеге зор дайын-
дықтармен келіп отырмыз.
Мереке еліміздің мемелекеттік әнұраны
шырқалған соң басталды. Жиналған
жұртшылықты Степногорск қаласының
әкімі Гайдар Қасенов құттықтады.
-Құрметті жерлестер, ардақты ардаге-
рлер, қадірлі Отан қорғаушылар! Сізде-
рі 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні-
мен шын жүректен құттықтауға рұқсат
етіңіздер!
Бұл мереке – Отан алдындағы
борышын адал атқарып жүрген бар-
лық азаматтарға, соның ішінде әске-
ри қызметшілерге, құқық қорғау орган-
дарының, ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық
тәртіп саласында еңбек етіп жүрген аза-
маттарға деген ризашылық пен құрмет
күні. Олардың бәрі елеміздің тыныштығы
мен тұрақтылығының кепілі. Бүгінгі ме-
реке ерлік пен батылдықтың және сенім-
діліктің мерекесі. Отан қорғау жолында
еңбек етіп жүрген азаматтарды мақтан
тұтамыз. Қазақстан бейбітшілікті сүйетін
ел ретінде әлемге танымал. Отан қорға-
ушыларымыз өз кәсібінің білгірлері әрі
қырағылар. Біздің жалпы міндетіміз – аза-
маттардың сенімін арттырып, құқықтары
мен еркіндіктерін сақтау, бейбітшілік пен
тыныштықты қорғау болып табылады.
Елімізде 500-ден астам Кеңес Обағының
Батырлары болса, оның 66-сы ақмо-
лалықтар.
Біздің Степногорск қаласында 127
тыл еңбеккері, 2 концлагерь тұтқыны, 11
соғыс ардагерінің жары бар екенін ерек-
ше атап өткім келеді. Даңқты бабалар
жолын жалғастыру, елге адал қызмет ету
– үлкен абырой мен мақтаныш. Соның
арқасында біз бүгін тәуелсіз мемлекет
құрып, оны көркейтіп келеміз.
7 және 9 мамырдағы мерекелердің ұр-
пақтар сабақтастығы ретінде қатар атап
өтілуі де маңызды. Ешкім де, ешнәрсе де
ұмытлмайды!
Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтап,
зор денсаулық, қажымас қайрат, қызмет-
теріңізге табыс, жанұяларыңызға бақ-бе-
реке тілеймін! Отан қорғаушылар күні
құтты болсын!- деді қала әкімі Гайдар
Қасенов.
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан
Республикасы Президентінің Қарулы
күштерді құру туралы №745 Жарлығы
жарияланды. Жарлықта отандық қарулы
күшті қалыптастырып, ол үшін тиісті жағ-
дай жасау керектігі айтылған. Бұл – ел
тыныштығын қорғап, бейбітшілікті қамта-
масыз ететін әскери қызметшілерді құт-
тықтап, құрмет көрсететін күн.
Айта кетейік, Қазақстан Қарулы күштер
қатарында ер азаматтармен қатар, нәзік
жандар да теңдей қызмет атқарып келе-
ді. Олардың көпшілігі офицер атағына ие.
Сондықтан, Отан қорғаушы күні – қыз-ке-
ліншектердің де мерекесі. Қазақстан
әскері құрылымында құрлық әскерлері,
әуе қорғанысы әскерлері және әске-
ри-теңіз күштері қамтылған. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасының
Жоғарғы бас қолбасшысы, Президент-
тің тікелей бағынысында арнайы дайын-
далған аэроұтқыр әскерлері бар. Олар-
дың мақсаты – төтенше жағдайда ерекше
құпия операцияларды жүргізу.
2012 жылы 7 мамыр мемлекеттік ме-
реке болып жарияланды және демалыс
күні саналады. Атаулы күн қарсаңында
еңбегі сіңген сала мамандарына әскери
атақтар беру және ерекше көзге түскен
әскери қызметшілерге марапаттар
тапсыру дәстүрге айналғанын атап өту
қажет. Осы орайда 5 мамыр күні Прези-
дент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік
марапаттар, жоғары әскери және арна-
улы атақтар, сыныптық шендер тапсыру
рәсіміне қатысты.
Мемлекет басшысы – Қазақстан
Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қол-
басшысы салтанатты жиында сардарлар
мен сарбаздарды алдағы Отан қорғаушы
күнімен құттықтады. Сонымен қатар па-
триотизм мен жауынгерлік рухтың сим-
волына айналған мереке күндері елге
қорған болып жүрген азаматтарға құрмет
көрсету, Отан үшін от кешкен аға буын-
ның рухына тағзым ету, олардың жанқи-
ярлығы мен өшпес ерлігін ұрпақтың
жадында жаңғырту дәстүрге айналғанын
атап өтті.
Президенттің айтуынша, мемлекет Қа-
рулы Күштердің әлеуетін нығайтуға ай-
рықша мән беріп отыр. Айта кетейік, бүгін
Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің
80 жылдығына арналған елордада өте-
тін әскери шеру барлық республикалық
телеарнадан тікелей эфирде көрсетіл-
ді. Салтанатты іс-шараға 4 000-нан астам
әскери қызметші, 200-ден астам әскери
техника, сондай-ақ майдандық, армия-
лық және әскери-көліктік авиацияның 66
ұшағы мен тікұшағы қатысты.
Степногорск қаласында бір топ
еңбек озаттары Ақмола облыстық
Қорғаныс істері жөніндегі департаменті
басшылығының аалғыс хаттарымен ма-
рапатталды. Олар:
«Мақсат» колледжінің директоры
Мутишев Нұржан Жылқыбайұлы,
«Мақсат» колледжінің алғашқы әскери
дайындық пәнінің мұғалімі Халигитов
Абдулло Сайдуллоевич және Степно-
горск қаласындағы Жоғары колледжінің
директоры Тюрющева Галина Алексан-
дровна.
Бір топ еңбек озаттары Степногорск
қаласы әкімінің алғыс хаттарымен мара-
патталды. Олар:
Степногосрк қалалық сотының судьясы
Әбілғазынов Жандос Мағауияұлы, қала про-
куратурасының аға прокуроры Алмағанбет
Аль-Фараби Асқарұлы, қалалық прокурату-
раның аға прокуроры Жар Жан Жарұлы,
қалалық прократураның аға прокуроры
Алмағанбетов Бекарыс Бауыржанұлы, қа-
лалық соттың аға приставы Шалтаев Нұр-
лан Мырзабекұлы, Степногорск қалалық
қорғаныс ісі жөнендегі бөлім басшысының
орынбасары, лейтенант Искаков Кахарман
Серікұлы, Ұлттық қауіпсіздік коимитеті қа-
лалық бөлімінің кіші жедел өкілі Жетпісбаев
Асхат Мұқатайұлы, Степногорск қалалық
әкімдігі аппаратының жұмылдыруға дайын-
дық бөлімінің басшысы Уахитов Меирхан
Әмірханұлы, жергілікті полиция бөлімінің
учаске инспекторының көмекшісі Есламбек
Айдын Қайратұлы, 3-мамандандырылған
өрт сөндіру қызметінің бөлімше командирі
Жапар Алдияр Елемесұлы, 3517 әскери
бөлімінің аға маманы Ахметов Бауыржан
Қазбекұлы, №4 мекеменің кезекші қызметі
басшысының орынбасары Жүсіпов Арман
Тұяқұлы, қалалық соттың күзетшісі Жакенов
Медет Амангелдіұлы және «Мақсат» коле-
джінің студенті Мизин Иван Александрович.
Биылғы жылдың сәуір айында «Мақ-
сат» колледжінің студенті Иван Алек-
сандрович Мизин өзінің жігіттік өнегесін
көрсетті. Қиын жағдайға тап болған ба-
ланың өмірін сақтап қалды. Ерлік іс істе-
ді. Осындай қырағылығының арқасында
бала өмірі сақталып қалды. Біз осындай
жастарымызбен мақтанамыз!
Елімізде Отан қорғаушылар күні еленіп
өтуде. Мереке баршаға құтты болсын.
Басқосуда концерттік бағдарлама өз
жалғасын тапты.
«Асыл қазына» өнерпаздары алты бір-
дей қыз бала әсем қимылдар орындап,
көңілдерді көтерді.
«Жастар рухы» көрсетілімін «Счастли-
вое детство» би тобының өнерпаздары
жұртшылыққа паш етті. Әнші жас Мұрат
Жаннұр болса «Атамекен-ай» әнін тарту
етті. Академиялық хор ұжымы «Отаным
Қазақстаным» әнін орындап, көпшіліктің
көңілінен шыға білді.
Әнші Вероника Гваджая «Соғыссыз
80 жыл» әнін тарту етті. «Асыл қазына»
тобы «Зәурен-ай» әнін шырқап берді.
«Жаса қазағым!» әнін Диляра Калего-
ва нәшіне келтіріп орындады. Қол соғу-
шылар қарасы арта түсті.
Қайыркен Ахметжанов пен балет биші-
лері ортаға шықты. «Отан ана» әні кере-
мет орындалғанын айтуымыз керек.
Диана Молтаева да патроиоттық әні-
мен көрерменге ду қол соқтырды. Сол си-
яқты, танымал әнші жігіт Қоблан Кенжин
«Отан» деген әнді барынша шырқап, көп-
тің ыстық ықыласына бөленді.
Жас әнші Айгерім Құсайынова болса
«Туған жер тағдырым» деген әнді көп
алдында шырқап, елжандылығымен көз-
ге түсті. Ескендір Хасанғалиевтің атақты
«Атамекен» әні шырқала бастағанда
барша көрермен орындарынан тұрып,
тағзым етті. Отанға, жерге, ұлтқа деген
сүйіспеншілік сезімін оятты. Қуандық
Әлімжанов бастаған вокальдық топ осы
әнді кең көңілмен шырқай жөнелді.
«Томирис» биін «Счастливое детство»
бишілер тобы орындады. Қазақтың ұлт-
тық дәстүрі мен салтын, бар болмасын
әсем қимылдарымен, көркем әуенде-
рімен көрсете білді.
Қорытынды финальда барша әнші-
лер ортаға шықты. Әскери хор, «Радуга»
тобының бишілері сахнаға әр берді. |