Бүгін, 03 қаңтарда Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының “Ана тілі” газетіне сұхбат беруі өте қуантты. Атаулы газет - студенттік кезімнен жақсы көріп, оқитын газетім.
Мен Педагог болғандықтан, бірден Президентіміздің «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясына елең ете қалдым. Біздің Степногорск өңірі бұл бастамаға барынша қолдау білдірді. Әсіресе, білім мекемелері жұмыскерлері мен қызметкерлеріне, оқушыларға, ата-аналар қауымына ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан азаматтары мұның кезекті бір науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін түсінді.
Президент дұрыс айтады: “Біз, табиғаттың байлығына және күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге немқұрайлы қарайтын жағымсыз әдеттен біржола арылуымыз қажет”, дейді. Тазалықты сақтау және табиғатты аялау ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Өркениетті елдердің бәрі осыны ұстанады.
Бұл акцияға біздің білім мекемелерінен он мыңға жуық адам қатысты. Көшелер, ормандар тазартылып, көшеттер егілді. Осының өзі өскелең ұрпақтың сана-сезімі жоғары және де олардың тұратын мекенін өзгертуге нақты іспен үлес қосуға дайын екенін көрсетпей ме?
«Таза Қазақстан» жобасының жүзеге асуына, ең алдымен, әр тұрғын жауапты. Әркім өзінің тұратын жерін, маңайын тазалап ұстаса, гүл егіп, көшеттер отырғызса, сол керемет емес пе? Әрбір адам ең бірінші, сапармен бір елге барғанда, ең бірінші тазалыққа назар аударады ғой. Ендеше, Елді мекендердің тазалығы тұрмыс сапасының жоғары екенін білдіреді. Осы ретте «Таза Қазақстан» идеясы ұлттық идеологиямыздың аса маңызды бөлігіне айналуға тиіс екенін тағы да қайталап айтады, біздің Президент. Бүгінгі күні, ол менің жеке ойым, “Таза Қазақстан” акциясы одан әрі қарқынды жалғасып, әрбір қазақстандық, өзінің төңірегін тазартып қоймай, өзінің санасын, тілін, ойын да тазартуымыз керекпіз. Себебі, бүгінгі күннің басымдылығы- ол Еліміздің, заманымыздың тыныштығы, саналы тәрбие мен сапалы білім алу.
Оспанова Алтын Кабдрашитовна- Ақмола облысы, Степногорск қаласының тұрғыны
|