Қазақстан – көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан үлкен отбасы. Әрбіріміздің тіліміз, дініміз, дәстүріміз әртүрлі болғанымен, бәрімізді біріктіретін бір мақсат бар – бейбіт өмір сүру және елімізді гүлдендіру.
Межұлттық келісім – бұл өзара құрмет пен түсіністік. Егер әр адам өзінен бастаса – көршісіне жылы сөз айтса, өзгелердің салт-дәстүріне сыйластық танытса – онда қоғамымыз мықты әрі тұрақты болады.
Елімізде түрлі мерекелер бірге тойланады, мәдени іс-шаралар өткізіледі, бұл халықтардың бір-біріне жақындауына, достықты нығайтуға септігін тигізеді. “Тату елге – тыныштық қонады” деген сөз тегін айтылмаған.
Бейбітшілік пен келісімді сақтау – тек мемлекет саясаты ғана емес, әрқайсымыздың жүрегіміздегі парыз. Өйткені татулық бар жерде даму, ал береке бар жерде бақыт болады.
М. Амангелдинова, А. Мырзахметов атындағы университеттің 2 курс студенті |