Құрылтай сайлауына Степногорск қаласында жастар белсене қатысуда. Соның бірі Махарам Медеу. Ол 18 жасқа толды.
Ол 68-сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Орынбасар Ысқақова жастар белсене дауыс беріп жатыр дейді.
Учаскеде жалпы 1361 сайлаушы бар. 21 кісі үйден дауыс беруде.
4 кісінің туған күні бүгін. Олар қуана келді.
Бақылаушылар сайлауды бақылап отыр. |