Отан соғысындағы жеңіске
биыл 80 жыл толып отыр. Бұл
айтулы күн аталарымыздың
жаумен айқастағы ерліктерін
көрсетеді. Фашистік Германи-
яның Отанымызға тұтқиыл-
дан баса көктеп кіруі елімізге
қасірет алып келген еді. Осы
тұрғыда бір қасық қаны қалған-
ша соғысқан аталарымыздың
ерлігі ұрпаққа мұра болып қал-
ды.
Степногорск қаласында Ұлы Жеңістің
80 жылдығы зор өрлеу үстінде атап өтіл-
ді. Қала жұртшылығы Жеңіс ескерткіші
алаңына көптеп жиналды. Жыл сайын
өтетін митинг биыл ерекше жағдайда
атылып отыр. Жеңіс ескерткіш кешені
жаңғыртылды. Батырларға тағзым ету
рәсімі де жаңара түскен жағдайы бар. Өкі-
нішке орай, арамызда соғыс ардагерлері
қалмады. Олардың жесірлері мен тыл ар-
дагерлері, олардың ұрпақтары бар.
Қалалық ардагерлер кеңесі, қалалық
әкімдік, қалалық мәслихат және еңбек
ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардан
ресми өкілдер келді. Жалпы қала жұрт-
шылығы митингке келіп отыр.
Батырлар ескерткішіне гүл шоғын қою
рәсімі болып өтті. Батырлардың рухына
бір минут үнсіздік сақтап, оларды еске
алдық. Қарудан оқ атылды.
Жеңіс тек соғыста шайқасқан батыр-
ларымызды ғана емес, тылда еңбек ет-
кен ата-әжелерімізді еске алатын күн.
Сол кездің қиындықтары мен халықтың
бірлігі бізге үлкен сабақ. Ерлік ешқашан
ұмытылмайды.
Жиналған жұртшылықты Степногор-
ск қаласының әкімі Гайдар Қасенов құт-
тықтады. Ерлікпен келзен Ұлы Жеңіске
биыл сексен жыл толып отыр. Бұл жеңіс
оңай келген жоқ. Қажырлы еңбек пен ба-
тырлықтың арқасында келді. Ел бірлігі
мен ел тұтастығы осыған себепкер бол-
ды. Жаумен шайқаста аянбай тер мен
қан төктік. Аталар ерлігі бізге үлгі. Батыр-
лар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Ұлы Отан соғысына Қазақстан жерінен,
соның ішінде біздің Ақмола облысынан
көптеген ерлер қатысты. Олардың көп-
шілігі майдан даласынан елге оралмады.
Ерлікпен көз жұмды, іс-түзсіз жоғалып
кетті. Осы ерліктің арқасында біз жауды
жеңдік. Жеңіс мерекесі құтты болсын!
Ақмола облыстық мәслихатының де-
путаты, еңбек ардагері Марат Қойшыба-
ев та сөз сөйледі. Ерлікке толы бүгінгі
күннің маңызына тоқталды. Ата-баба-
ларымыздың өнегесін үлгі етті. Тарих
ешқашан өзгермейді, қайта жазылмайды.
Бақытты күніміз үшін аянбай күрескен
ерлердің үлгісін өнеге тұтамыз. Әрқашан
батырлар жолын құрметтей береміз. Бар-
шаңызды мерекемен құттықтаймыз.
Степногорск қаласының құрметті аза-
маты Валерий Котович те қала жұрт-
шылығын жеңіс күінмен құттықтады.
Мерекенің маңызы өте үлкен тарихқа
айналған бұл күн жадымыздан ешқа-
шан өшпейді. Ерлікке толы өткен күндер
есте сақталады. Батыр бабалар ерлігіне
тағзым етеміз. Ел бірлігі мен тұтастығы,
достығымыз бізді армандарға бастап ба-
рады. Баршаға мереке құтты болсын.
Интернационалист жауынгерлер
қоғамлық ұйымының төрағасы Сергей
Баранов та жылы лебіздерін жеткізді.
Ерлікке толы бүгіннің орны ерекше деп
отыр. Батыр бабалар жолын жалғай бе-
реміз. Ауған соғысы ардагерлері де ерлік-
ке өз үлестерін қосты. Ұлы Отан соғысы
ардагерлерінің рухына бас иеміз. Кейінгі
жастар осы ерлікке құрметпен қарауы ке-
рек. Біздің аймақтан Отан қорғауға талай
ерлер қатысты. Ерлікке толы өнеге бәрі-
мізге мақтаныш болып отыр. Сол дәуірдің
ер азаматтары аянбай жаумен шайқасты.
Тыл ардагерлері де ауылдарда дамылсыз
тер төккен. Соның арқасында жеңіске
жеттік. Жеңісіміз баянды болсын.
Қаһарлы күндер соғыстың тек қасірет
әкелетінін көрсетті. Бейбітшіліктің баға
жетпес байлық екенін ұғындырды. Ұлы
Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлі-
гі және күллі әлем үшін үлкен сабақ. Біз
осы ақиқатты әрдайым есте сақтауымыз
керек.
Қала тұрғындары да мәңгілік алау
маңына гүл шоқтарын қоя бастады.
Аталар суреттерін алып шыққан кісілер
марқұмдар рухына бас иді. Батыр қала-
лардың тақта тастарына да құрмет көр-
сетілді. Жаңғыртылган жеңіс ескерткіш
кешені көңілдерден шығып жатыр.
Сексен жыл аз мерзім емес. Осынау
қанқұйлы соғыстың аяқталғанына көп
жылдар өтсе де, соғыс салған жаралар
жазылар емес. Бала әкеден, әйелдер
күйеуінен, аналар ұлдарынан айрылды.
Қандай қасірет еді, сол шақты ұмыту мүм-
кін емес.
Жеңіс келгенде ел қатты қуанды. Ба-
тырлардың ерлігі мақтанышқа айналды.
Митинг алаңында «Журавли» әні
шырқалып, оған қосылып жастар би
биледі. Ұшып бара жатқан тырналар,
соғыс даласының қасіреті көз алдымызға
елестеді. Жарын тосқан әйел, баласын
күткен ана, әкесін іздеген перзент на-
зарымыза түскендей болды. Соғыстан
аман оралғандар қуануда. Ал, оққа
ұшқандарың жақындары қан жылауда.
Батырлар ерлігі еш ұмытылар емес. Сек-
сен жыл өтсе де ерлікке толы бұл кезең
есте сақтаулы тұр. Әскер ботқасы жұрт-
шылыққа таратылды.
Митингтен соң тағы басқосу Қажымұқан
атындағы алаңда жалғасты. Онда үрле-
мелі оркестрдің өнері тамашаланды.
Астанадан келген қонақтар Жеңісті ма-
дақтап, қалалықтарға жоғары көңіл күй
сыйлап жатты. Мұнда да өнер көрсетілді.
Тыл ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 80
жылдығына арнап шығарылған мерей-
тойлық медальдар табысталды. Ел Пре-
зидентінің Жарлығымен марапатталған-
дар арасынды мына кісілер болды: Тимо-
феев Геннадий Иванович, Сорокин Перт
Ефимович, Черепанова Пелагея Ива-
новна, Гончарова Вера Александровна,
Паясь Валентина Антоновна, Михеева
Александра Васильевна және Никулина
Гарина Михаиловна. Бұл тыл ардагерле-
ріне аса құрмет көрсетілді.
Ауған соғысы ардагерлерінің алаңын-
да да мереке жалғасты. Этномәдени бі-
рлестік өкілдері концерт қойып, соғыс ән-
дерін шырқады. Қала жұртшылығы өнер
тамашалады.
5-ықшамуданның ауласындағы сахна-
да да мереке тағы жалғасты. Жұртшылық
мерекеге көп жиналды. Достық және
шығармашылық үйінің өнерпаздары мен
этномәдени бірлестік өкілдері бар өне-
рлерін ортаға салды. Мұнда әскерилер
дайындап келген солдат ботқасы жұрт-
шылыққа таратылды. Кіріспе көрсетілім-
де «Томирис» бишілері би биледі. Жас
сарбаздар киімін киген жастар көптің көңі-
лінен шықты. «Шекарашы сарбаздар» әні
де көңілдерден шығып жатты. «Русская
община» қоғамдық бірлестіктің өкілдері
өнер көрсетті. «Туған ел» әні шырқал-
ды. «Юлдаш» этномәдени бірлестігінің
азаматтары өнер көрсетті. Манарбек
Нұрмұхаммед болса «Қазақтың ұлдары»
деген әнді шырқады. Жас әнші Мәншүк
Қоңырова «Жаса қазағым!» деген әнімен
қол соқтырды. Татар және башқұрт өкіл-
дерінің әншілері «Катюша» әнімен жұрт-
ты таңырқатты. Әмір Құрманғали «Сар-
баздар» деген танымал әнді шырқай жө-
нелді.
Эльмира Нұрғалиева «Туған елім» әнін
әуелетсе, Айару Алпамыс «Жеңіс күні»
әнімен жүректерден орын алды. Айболат
Мутан да ән салудан шет қалған жоқ. Ол
«Мен қазықтың баласы!» деген әнімен
сахнаны нұрға бөледі.
Мерекелік алаңды солдат ботқасынан
дәм татушылар қарасы арта түсті. Ботқа
таратып жатқан Анар Қоржынбаева бар-
шаға қызмет етіп жатты. Достық және
шығармашылық үйінің ұжымына көпшілік
атынан алғыс айтамыз.
Сол күні 6-ықшамаудандағы үгіт
алаңында қала әншілері өз өнерлерін
көрсетіп жатты. Концерт тамашалау-
шылар қарасы артып кетті. «Сібір» сауда
үйі маңында Ақсу кентінен келген өнер-
паздар концерттік бағдарламасын ұсын-
ды. Әндер шырқалып, билер биленді.
Қала жұртшылығы өнер тамашалаудан
жалыққан жоқ.
Кешкі сағат 18 кезінде Қажымұқан
алаңында мереке қайтадан өз жалғасын
тапты. Мерекелік концерт қайта
жалғасып, жұртшылыққа тамаша көңіл
күй сыйлады. Жәрмеңкелер мен сауда
ұйымдастырылды.
Қаламыздың барлық нүктелерінде кон-
церттер тамашаланды. Ауылдар мен кент-
терде де осындай басқосулар болып жатты.
Батырларға тағзым етіліп, ерлікке бас иіліді.
Марқұмдарға құран бағышталды.
Ең қызықты кеш Қажымұқан алаңын-
да қайта жалғасты. Дискотека ұйым-
дастырылып, үлкендер мен кішілер бәрі
би билеуге құмартып тұрды. Ән әуені
қалықтап, кешкі сағат 20-30 кезінде отша-
шу болды. Жастар мен ересектер бұл ме-
рекеден шет қалған жоқ. Ұлы Жеңістің 80
жылдығы нағыз халықтық мереке ретінда
танылды.
Спорттық жарыстар да болған еді.
Жеңімпаздар марапаттарға ие болды.
Ұлы Жеңістің сексен жыылдығы құтты
болсын, достар! |