Энергетика, инфрақұрылым және цифрлық технологияларды дамыту жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысына тікелей әсер етеді. Маслихат мүшелері ретінде біз тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобалардың сапалы іске асуын қадағалауымыз керек.
Жолдар, теміржол, әуежайлар және коммуналдық қызметтерді дамыту – экономикалық өсім мен тұрақтылықтың негізгі факторы. Жергілікті билік тұрғындардан кері байланыс алып, жобалардың нақты нәтижеге жетуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жұмыс қоғам алдындағы жауапкершілікті арттырады.
Цифрландыру мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға, шешім қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Маслихат үшін бұл – халықтың мәселелерін жылдам шешуге, қызмет сапасын бақылауға және ашықтықты қамтамасыз етуге қосымша құрал.
Инфрақұрылымдық жобалар мен энергетикалық блоктарды уақытылы іске қосу – жергілікті экономика мен әлеуметтік салаға тұрақты үлес қосады. Маслихат тұрғындардың мүддесін қорғап, мемлекеттік жобалардың сапалы орындалуын қадағалау арқылы айтарлықтай рөл атқара алады.
Барлық жұмыстардың нәтижесі көрініп, тұрғындардың өмір сапасы жақсаруы тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін бұл – қоғам алдындағы жауапкершілікті нақты көрсету мүмкіндігі.
Джагпаров О. А., Степногорск қалалық мәслихатының төрағасы |