Главная » 2025 » Август » 31 » «Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер
12:17
«Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер

Межұлттық келісім – Қазақстанның ең маңызды құндылықтарының бірі. Біздің Отанымызда көптеген ұлттар мен ұлыстар тату өмір сүріп, бір шаңырақ астында достықта өмір сүруде. Бұл – еліміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі.

Әрбір халықтың дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарау – шынайы келісімнің белгісі. Қазақстандағы ұлттардың бірлігі – болашаққа деген сенімімізді арттырады. Біз бір-бірімізді сыйлап, қолдау көрсеткенде ғана бейбіт өмір жалғасын табады.

Межұлттық келісімді сақтау – әрбір азаматтың парызы. Себебі татулық бар жерде – ырыс, ынтымақ бар жерде – береке болады.

М.Амангелдинова, А.Мырзахметов атындағы университеттің 2 курс студенті.

Просмотров: 26 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar