Қазақстан – бейбітшілік пен татулықтың мекені. Біздің елімізде жүзден аса ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – елдің басты жетістігі әрі қастерлі құндылығы. Межұлттық келісім – тек заңмен немесе саясатпен ғана емес, әр адамның жүрегіндегі сыйластық пен құрметтен бастау алатын ұлы құбылыс.
Әрбір халықтың тілі, діні, салт-дәстүрі мен мәдениеті – біздің ортақ байлығымыз. Қазақстандағы этностар бір-бірінің ерекшеліктерін құрметтей отырып, бір мақсатқа – елдің дамуына, болашақтың жарқын болуына үлес қосуда. Осы татулық пен келісімнің арқасында мемлекетіміз тұрақты дамып, әлемге бейбітшілікті жоғары қоятын ел ретінде танылды.
Менің ойымша, межұлттық келісімді сақтау – әрбір азаматтың парызы. Біз өзгелерге құрмет көрсетіп, түсіністік танытсақ, қоғамымыз мықты әрі тұрақты болады. Бірлігімізді бекемдеп, татулығымызды сақтасақ қана еліміз жаңа белестерді бағындырады. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген халық даналығы осының дәлелі.
Сондықтан да межұлттық келісім – Қазақстанның ең басты құндылықтарының бірі. Ол біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, болашаққа сеніммен қадам басуға жол ашады.
М.Амангелдинова, А.Мырзахметов атындағы университеттің 2 курс студенті |