Қазіргі Қазақстан – полимәдениетті, полиэтникалық және поликонфессиялық мемлекет, онда конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту азаматтық қоғамның тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып табылады.
Бүкіл әлемде Қазақстан алысқа көз салған ішкі саясатымен танымал, оның маңызды бағыттарының бірі – этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі.
Егеменді даму жолының алғашқы күндерінен бастап елімізде конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту мәселесі басты басымдыққа айналды.
Бүгінде Қазақстан – барлық этностардың этникалық ерекшелігін сақтай отырып, олардың тең мәдени дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін қағидаттарға негізделген этносаралық және мәдениетаралық өзара әрекеттестікті танытатын қоғам.
Қазіргі әлемді интеграция, этностардың бірігу үдерістері сипаттайды, оған этномәдениеттердің өзара ықпалдастығы мен өзара әсерінің теориясы болып табылатын жаһандану ықпал етеді.
У. Молдахметова, «Respublica» партиясы ҚБ мүшесі |