Главная » 2025 » Август » 22 » «Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер
15:31
«Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер

Межұлттық келісім – бұл еліміздің ең үлкен жетістігі әрі байлығы. Қазақстанда сан алуан ұлт өкілдері өмір сүреді, олардың әрқайсысының өз мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі бар. Осындай алуан түрліліктің ішінде татулық пен достықты сақтай білу – халқымыздың даналығы мен жүрек кеңдігінің белгісі.

Ұлттар арасындағы келісім – тек бейбіт өмірдің кепілі ғана емес, ол елдің дамуына жол ашатын ең басты құндылық. Себебі әртүрлі халықтың бірлікте өмір сүруі – тәжірибе алмасуға, білімді тереңдетуге, мәдениетті байытуға үлкен әсер етеді. Біз бір-бірімізді құрметтеу арқылы ғана болашағымызды нық ете аламыз.

Жас ұрпақ үшін межұлттық келісім – баға жетпес үлгі. Ол адамдарды бірлікке, мейірімділікке, сыйластыққа баулиды. Ұлт пен дінді бөлмей, әркімді адам ретінде бағалау – қоғамның алға қадам басуына мүмкіндік береді.

Менің ойымша, татулық пен келісім сақталған жерде ғана елдің болашағы жарқын болады. Қазақстандағы осындай бірлік – барлығымыздың ортақ жетістігіміз. Біз осы құндылықты сақтай отырып, бейбітшілігі мен достығы жарасқан мықты мемлекет құра аламыз.

М.Амангелдинова, А.Мырзахметов атындағы университеттің 2 курс студенті

Просмотров: 23 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar