Межэтникалық келісім идеясының бастауын кеңестік дәуірден көруге болады. Ол кезде негізгі идеологиялық ұстаным «халықтар достығының» культы болатын, оның негізінде бауырмалдық, ынтымақтастық және төзімділік жатқан. Қазақстан осы ұлттар арасындағы қатынастар жүйесін қабылдады – ол «халықтар достығының лабораториясы» саналады, мұнда этностық топтардың мәдениеті, дәстүрі мен тілдері дамып келеді. Бұл тұрғыда кейбір посткеңестік елдердегі жағдайдан өзгешеленеді, өйткені ол жерлерде этностық азшылық өкілдері анағұрлым қолайсыз жағдайда өмір сүруде.
Билігіміз әрқашан және бүгінде де Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігі – елдің басты құндылығы екенін мақтанышпен айтып келеді. Алайда өткен жылдың ақпан айында дүнген қауымдастығы тұратын ауылдарда орын алған тәртіпсіздіктер мен оған қатысқандарға қатысты кейінгі сот процесі бауырмалдық, теңдік пен әділдік ұғымдарының шартты екенін, көбіне олардың түсіндірілуі қос стандарттарға негізделетінін көрсетті.
Майданова М., Степногор қ. ЖРО SMM-менеджері |