Главная » 2025 » Август » 14 » «Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер
16:27
«Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер

 Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялауы ел халқының көпұлтты, көпконфессиялы қалыптасуы жағдайында жүзеге асты. Мұнымен қоса монархиялық және кеңестік биліктің барынша асқынған ауыр зардаптары еншіге қалды. Саяси және экономикалық отарлық тегеурін қазақ халқының дербестікке ұмтылысына барынша кедергісін келтіріп бақты. Соған қара­мастан, еліміз тәуелсіздікке ие болу мұратынан бір сәтке жаңылған жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеті әлемге гуманистік, демократиялық және толеранттылық сипатымен даралана бастады. Мұның айқын бір көрінісі – ұлтаралық татулық пен келісімді ту еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымының өмірге келуі.

 

Ә. Молдахметова Степногорск қ. ЖРО-ның кеңесші заңгері

Просмотров: 15 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar