13:37 «Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер | |
Қазақстанда қалыптасқан этносаралық татулық жүйесі уақыт сынынан өтіп, ішкі және сыртқы сын-қатерлерге төтеп бере алатынын көрсетті. Дегенмен соңғы жылдардағы оқиғалар әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, өңірлер арасындағы даму деңгейіндегі айырмашылықтар және ақпараттық кеңістіктегі манипуляциялар сияқты факторлардың қауіптілігін айқындады. Мемлекет бұл бағытта алдын алу шараларын күшейтіп, жергілікті деңгейде туындайтын дауларды ерте анықтау мен шешу механизмдерін дамытуы тиіс. Сондай-ақ, жастар арасында толеранттылық мәдениетін қалыптастыру, сенімді және ашық ақпарат тарату арналарын кеңейту, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың айқындығын арттыру маңызды. Біртұтас ұлттық бірлік идеясы барлық этнос өкілдерін біріктіретін негізгі құндылыққа айналуы үшін, әрбір этникалық топтың мәдени ерекшелігін сақтау мен дамытуға қолдау жалғасуы қажет. У. Молдахметова, «Pespublica» партиясы» ҚБ мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |