Главная » 2025 » Август » 11 » «Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер
13:09
«Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер

 

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі конституциялық қағидаттары мыналар болып табылады:

 • ұлтаралық қатынастар саласындағы ерекшеліктер мен негізгі үрдістерді ескеру, бұл ұлттық саясатты жүзеге асыруда аса маңызды рөл атқарады;

 • адамның және азаматтың нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, әлеуметтік тобына немесе қоғамдық бірлестіктерге қатысына қарамастан, олардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі;

 • азаматтардың құқықтарын әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе діни белгілері бойынша шектеудің кез келген түріне тыйым салу;

 • тарихи қалыптасқан республиканың тұтастығын сақтау;

 • Қазақстан Республикасы аумағында тұратын халықтардың құқықтарын Конституцияға, жалпыға бірдей танылған халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қамтамасыз ету;

 • Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері мен тілдерінің дамуына жәрдемдесу;

 • қайшылықтар мен жанжалдарды уақтылы және бейбіт жолмен шешу;

 • мемлекеттің қауіпсіздігін әлсіретуге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни араздықты, өшпенділікті немесе дұшпандықты қоздыруға бағытталған қызметке тыйым салу;

 • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тұратын азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, шетелде өмір сүріп жатқан отандастарға ана тілін, мәдениетін және ұлттық дәстүрлерін сақтау мен дамытуда, тарихи отанымен байланыстарын нығайтуда қолдау көрсету, бұл ретте халықаралық құқық нормаларын сақтау.

Бұл қағидаттардың барлығы бүгінде іс жүзінде жүзеге асырылып келеді

Просмотров: 24 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar