13:04 «Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер | |
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі конституциялық қағидаттары мыналар болып табылады: • ұлтаралық қатынастар саласындағы ерекшеліктер мен негізгі үрдістерді ескеру, бұл ұлттық саясатты жүзеге асыруда аса маңызды рөл атқарады; • нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, әлеуметтік топтарға және қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі; • азаматтардың құқықтарын әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе діни белгілер бойынша қандай да бір түрде шектеуге тыйым салу; • республикада тарихи қалыптасқан тұтастықты сақтау; • Қазақстан Республикасының Конституциясына, жалпыға танылған халықаралық құқық принциптері мен нормаларына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, Қазақстан аумағында тұратын халықтардың құқықтарына кепілдік беру; • Қазақстан халқының ұлттық мәдениеті мен тілдерінің дамуына жәрдемдесу; • қайшылықтар мен дауларды дер кезінде және бейбіт жолмен шешу; • мемлекеттің қауіпсіздігін бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни араздықты, өшпенділікті немесе жаулықты қоздыруға бағытталған кез келген қызметке тыйым салу; • халықаралық құқық нормаларына сәйкес, шетелдерде Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, шетелдерде тұратын отандастарға ана тілін, мәдениетін және ұлттық дәстүрлерін сақтау мен дамытуда, сондай-ақ олардың тарихи отанымен байланыстарын нығайтуда қолдау көрсету. Бұл қағидаттардың барлығы бүгінде өмірде іске асырылуда. Майданова М., Степногорск қ. ЖРО СММ-кеңесшісі | |
|
Всего комментариев: 0 | |