Главная » 2025 » Август » 9 » «Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер
12:42
«Ұлтаралық келісім» тақырыбына пікірлер

Қазақстанды мекендеген халықтардың достығы мен келісімі – еліміздің бейбітшілігі, тұрақтылығы мен өркендеуінің берік іргетасы. Ғасырлар бойы Ұлы дала төсінде түрлі этностар өкілдері ортақ құндылықтар мен жасампаздыққа деген ұмтылыстың негізінде тату-тәтті өмір сүріп келеді.

Қазақстанның көпұлтты халқы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бірегей мұрасын мұқият сақтап, дамыта түсуде. Әрбір этнос елдің мәдени көптүрлілігіне, әлеуметтік дамуына және экономикалық нығаюына өзіндік үлесін қосып келеді. Тілдердің, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің алуан түрлілігі қоғамымыздың байлығы мен күш-қуатының, шабыт пен ілгерілеудің қайнар көзіне айналды.

Мемлекеттің теңқұқылық, ұлттық бірегейлікті құрметтеу және рухани бірлік қағидаттарына негізделген саясаты бүкіл әлемде мойындалған тұрақты этносаралық келісім үлгісін қалыптастырды. Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарып, түрлі этнос өкілдері арасындағы диалогты, өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға ықпал етіп келеді.

Этносаралық келісім – елдің болашағы үшін жауапкершілігін сезінетін барлық азаматтардың ортақ еңбегінің нәтижесі. Біз бұл баға жетпес қазынаны сақтап, көбейту арқылы қоғам бірлігін нығайтып, экономиканың тұрақты дамуын және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының артуын қамтамасыз етеміз.

Қазақстан халқының достығы, өзара түсіністігі мен ынтымағы тәуелсіздігіміздің берік тірегі, бейбітшілік пен игіліктің кепілі болып, бүгінгі және келер ұрпаққа қызмет ете берсін.

У. Молдахметова, «Pespublica» партиясы» ҚБ мүшесі

Просмотров: 38 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar