Главная » 2026 » Февраль » 27 » КОНСТИТУЦИЯ – БІРЛІК ПЕН ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
16:01
КОНСТИТУЦИЯ – БІРЛІК ПЕН ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

Степногорск қаласының Жоғары колледжінде және «Максат» колледжінде еңбек ұжымдары мен студенттердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының мазмұнын түсіндіруге, референдум мәселелеріне және ұлтаралық келісімді нығайтуға арналған кездесулер өтті.

Кездесу барысында Конституцияның елдің негізгі заңы ретіндегі маңызы, оның демократиялық үдерістерді дамытудағы рөлі, сондай-ақ әр азаматтың жауапкершілігі жан-жақты талқыланды. Көпұлтты қоғамдағы өзара құрмет пен толеранттылықтың мәніне ерекше назар аударылды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз ойларымен және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Ашық диалог алаңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, маңызды мәселелер бойынша нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Кездесулерді Жастар ресурстық орталығының басшысы Даян Арлан Арманұлы өткізді. Осындай іс-шаралар қоғамдағы бірлікті нығайтып, жастардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

 

«Степногорск қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ

Просмотров: 22 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar