Степногорск қаласының Тау-кен техникалық колледжінің ғимаратында № 69 сайлау учаскесі орналасқан. Мұнда да науқан сағат таңғы 7 кезінде қарқынды басталып еді. Содан бері дауыс берушілер қатары сейілген емес. Сайлау учаскесінің төрайымы Кубрина Светлана Викторовна жағдайдың ойдағыдай жүріп жатқынан айтуда. Сағат 11 кезінде 300 сайлаушы дауыс беріп үлгерген. Жалпы учаскеде 1441 сайлаушы бар көрінеді. 26 кісі үйден дауыс беруге өтініш қалдырған болатын.
Қарт сайлаушылар да бар. Соның бірі 1938 жылы туған Ахмадгалиева Альфида әжей өз аяғымен келіп дауыс беріпті. 1926 жылы туған Степан Молотков болса үйден дауыс беремін деп отыр. Ол кісілегре сайлау комиссиясының мүшелері үйлеріне барып, дауыстарын жинайды.
Мұнда да бақылаушылар отыр.
Сайлау жақсы өтіп жатыр. Концерттік бағдарлама ұсынылуда.
|